10.01.2010, 16:58 4192

Қазақстанда "100 мектеп пен 100 аурухана" жобасының шеңберінде 2010 жылы 45 нысанды, 2011 жылы 8 нысанды аяқтау жоспарланып отыр

Қазақстанда "100 мектеп пен 100 аурухана" жобасының шеңберінде 2010 жылы 45 нысанды, 2011 жылы 8 нысанды аяқтау жоспарланып отыр

Астана. 10 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда "100 мектеп пен 100 аурухана" жобасының шеңберінде 2010 жылы 45 нысанды, 2011 жылы 8 нысанды аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша баспасөз мәслихатында өткен аптада мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан халқына жолдауына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен келісе отырып, "100 мектеп пен 100 аурухана салу" жобасының шеңберінде 2007-2009 жылдарда салуға жоспарланатын 103 денсаулық сақтау нысанының тізбесін жасаған болатын, олардың ішінде 99 жергілікті және 4 республикалық маңызы бар нысандар бар.

2008 жылы жергілікті маңызы бар 6 нысанның құрылысы аяқталды, олар: Ақтөбе облысы Ойыл ауданы, Ойыл ауылындағы орталық аудандық аурухана; Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласындағы туберкулез ауруханасы; Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай кентіндегі аудандық емхана; Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы туберкулез ауруханасы; Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы облыстық қан орталығы; Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы қалалық емхана.

2009 жылы 10 нысанды іске қосу күтілуде, оның ішінде 4 нысан мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдау актілерімен пайдалануға қабылданды, атап айтсақ, Ақтөбе облысы; Астана қаласы; Батыс Қазақстан облысы; Маңғыстау облысындағы нысандар.

6 нысан бойынша қабылдау комиссиясы жұмыс жүргізуде және жылдың соңына дейін оларды іске қосу жоспарланып отыр: Ақтөбе облысы (1 нысан бойынша); Қарағанды облысы (2 нысан бойынша); Павлодар облысы ( 2 нысан бойынша); Солтүстік Қазақстан облысы (1 нысан бойынша).

Министрліктің хабарлауынша, Астана қаласында Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы амбулаториялық-емхана кешені бойынша (бір ауысымда 350 адам қабылдайтын ересектер емханасы, бір ауысымда 150 адам қабылдайтын балалар емханасы) ЖСҚ түзетілгендіктен, 360 млн теңге игерілмейді, осыған байланысты объектіні пайдалануға беру 2009 жылдан 2010 жылға ауыстырылады.

Жоғарыда айтылғандар негізінде 2010 жылы 45 нысанды, 2011 жылы 8 нысанды аяқтау жоспарланып отыр.

Республикалық бюджеттік комиссияның (РБК) 2009 жылғы 26 тамыздағы шешімімен 34 нысан құрылысын қаржыландыра бастау мерзімі 2012 және одан кейінгі жылдарға ауыстырылды, бұл жергілікті маңызы бар 30 және республикалық маңызы бар 4 нысан.

Республикалық маңызы бар 3 нысан бойынша биылғы жылы ЖСҚ жобалау аяқталады, олардың ішінде: Қарағанды қаласындағы Қарағанды мемлекеттік медицина университеті және Алматы қаласындағы С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті бойынша ЖСҚ Құрылыс агенттігінде бекітуде жатыр.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы бойынша ЖСҚ әзірленуде.

Қазақ мемлекеттік медицина академиясының ЖСҚ бойынша қазіргі уақытта нысанның жобалау жұмыстары "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" РМК аумағында (Абылай хан даңғылының бойында) жүргізілуде.

"100 аурухана салу" жобасын іске асыру ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ерекше бақылауында және жобаны іске асырудың мониторингі мен талдау бойынша жұмыс жалғасады, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны