13.06.2013, 11:46 6577

Қазақстанда 100 тоннаға жуық сапасыз өнім жойылған

Қазақстанда сауда нысандарын тексеру барысында 100 тоннадан астам азық-түлік тұтынуға жарамсыз деп табылды, және олар тәркіленіп, жойылды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Айжан Есмағамбетова.

Астана. 13-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда 100 тоннаға жуық сапасыз өнім жойылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда сауда нысандарын тексеру барысында 100 тоннадан астам азық-түлік тұтынуға жарамсыз деп табылды, және олар тәркіленіп, жойылды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Айжан Есмағамбетова.

"Жылдың басынан азық-түлік қауіпсіздігін бақылау мақсатында эпидемиологиялық қадағалау органдары 100 тоннаға жуық азық-түлік өнімдері сатылымнан алынып тасталынып, жойылды, сүт өнімдері - 43 тонна, сусындар - 21 тонна, ет өнімдері - 14 тонна және кондитерлік өнімдер - 10 тонна", - деді А.Есмағамбетова.

Сонымен қатар, жіті ішек инфекцияларымен сырқаттануды ақпараттандыру және алдын алу деңгейін арттыру мақсатында барлық өңірлерде акциялар жүргізіліп жатқанын, оның барысында сатып алынған азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін тестілеуге болатынын атап өтті.

Айта кету керек, аталған зерттеулер тегін негізде өткізіліп, 30 қалада және 139 елді мекенде 200-ден астам азық-түлік базары, 93 ірі сауда объектісі, 12 жәрмеңке және 89 сауды объектісі қамтылды.

Комитет басшысының орынбасары Эпидемиологиялық қадағалау комитеті басшысының орынбасары акциялар тұрақты түрде жаз-күз мезгілінде өткізіліп тұратынын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны