21.08.2006, 13:47 3285

Қазақстанда 105 елдің азаматтары еңбек етеді

АЛМАТЫ. 21-тамыз. Kazakhstan Today. Қазіргі жағдаймен Қазақстан аумағында 105 елдің азаматтары еңбек етеді. Бұл туралы еңбек көші-қоны мәселелері бойынша журналистерге арнап өткізілген семинар-тренингте ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек және жұмыспен қамту департаментінің директоры Серік Ибденов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

С.Ибденовтың айтуынша, шетелдік жұмыс күшін тарту қарқыны көрсетіп отырғанындай, шетелдерден жұмыс күшін тарту ауқымы жыл өткен сайын арта түсуде. Жұмыс іздеп елімізге көшіп келетіндердің саны арта түсу ағымы соңғы төрт жылда айқын байқалуда. Мәселен, егер 2001-жылы шетелдерден 10720 маман тартылған болса, 2005-жылы олардың саны 24760 болды. Ал 2006-жылы түзетілген квотаға сәйкес шетелдерден 50 мың маманды тартуға болады, деді департамент директоры.

С.Ибденовтың мәліметіне сүйенсек, былтыр шетелдік мамандар ең көп шақырылған ел Түркия болды. Бұл елден 8895 адам жұмысқа шақырылды. Бұл еліміздегі жалпы шетелдік мамандар санының 36 процентін құрайды. Бұдан кейінгі орында Қытай - 3238 адам (13 %), Қырғызстан - 1994 адам (8,1 %), Ұлыбритания - 1287 адам (5,2 %), Венгрия - 899 адам (3,6 %), Ресей - 896 адам (3,6 %); Италия - 888 адам (3,6 %); Үндістан - 871 адам (3,5 %) тұр.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, шетелдік жұмыс күші әсіресе Атырау облысына (32,6 %), Астана қаласына (15,4 %), Алматы облысына (14,7 %) және Алматы қаласына (8,4 %) көптеп келуде, деді департамент директоры.

Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында Түркия (31, 3% немесе 5830 адам), Қытай - 13,8% (2571), Ұлыбритания - 3,7% (694) елдерінен жұмыс күші ең көп шақырылды.

Шетелдік жұмыс күші негізінен құрылыс (58,4 %), тау-кен өнеркәсібі (15 %), және ауылшаруашылығы (7,8 %) саласында пайдаланылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны