20.04.2016, 14:36 3803

Қазақстанда 105 түрлі дәрілік заттыӊ бағасы 2016 жылдыӊ соӊына дейін көтерілмейді - ҚР ДСИДМ

Халықтыӊ әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдау мақсатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 105 түрлі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ тізімін бекітті, олардыӊ бағасы 2016 жылдыӊ соӊына дейін көтерілмейді
Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдау мақсатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 105 түрлі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін бекітті, олардың бағасы 2016 жылдың соңына дейін көтерілмейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ведомствоның мәліметінше, министрліктің сайтында жарияланған тізімдегі дәрілердің арасында қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын препараттар, жүрек, асқазан ауруларына қарсы, сонымен бірге антигистаминді, гипотензивті дәрілер бар, сондай-ақ көз және құлақ тамшылары, дәрумендер және басқа да дәрі-дәрмек түрлері кіреді, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

105 түрлі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын көтермеу туралы меморандумға ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова және кәсіби фармацевтикалық қауымдастықтардың басшылары қол қойған болатын.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны