25.01.2016, 14:27 4050

Қазақстанда 10 жылда туберкулезбен сырқаттану деӊгейі 2,2 есеге төмендеді - ҚР ДСИДМ

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге азайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге азайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ведомствоныӊ мәліметінше, соӊғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге төмендеді. 2015 жылы сырқаттану 11,9%-ға азайып, 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 58,5-ті құрады (2014 жылы - 66,4), өлім жағдайы 22,4%-ға төмендеп, 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 3,8-ді құрады (2014 жылы - 4,9), деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

2015 жылы алғашқы рет сезімтал туберкулезбен сырқаттанған адамдарды емдеу тиімділігі жақсарып, 2014 жылы 86,4% болған көрсеткіш 87,6%-ды құрады (ДДҰ стандарты- 85%).

2015 жылдыӊ нәтижесі бойынша сырқаттанған адамдарды туберкулезге дәрілік төзімділігі көп екінші қатардағы препараттармен қамтамасыз ету азаматтық секторда 99,4%,-ды, пенитенциарлық секторда - 98%-ды (ДДҰ стандарты - 85%) құрады. Сырқаттанған адамдарды туберкулезге дәрілік төзімділігі кеӊ үшінші қатардағы препараттармен қамтамасыз ету азаматтық секторда 99,8% (ДДҰ стандарты- 85%) болды.

"Қазіргі таӊда еліміздіӊ барлық аймақтары туберкулезді, сонымен бірге, оныӊ дәрілерге төзімділігі бар түрлерін диагностикалауға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Республикада қажетті дәрілік заттардыӊ көлемі жеткілікті дәрежеде", - деп мәлімдеді министрлікте.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны