23.07.2013, 13:11 4120

Қазақстанда 1200 салық төлеуші жалған кәсіпкер деп танылды

Қазақстандық соттар 1200 салық төлеушіні жалған кәсіпкер деп таныды, олардың контрагенттермен өзара есеп айырысу сомасы 1 трлн 52 млн теңгені құрады, деп хабарлады бүгін ҚР Қаржы министрлігінің алқасында Салық комитетінің төрағасы Ануар Жұмаділдаев.

Астана. 23-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда 1200 салық төлеуші жалған кәсіпкер деп танылды , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстандық соттар 1200 салық төлеушіні жалған кәсіпкер деп таныды, олардың контрагенттермен өзара есеп айырысу сомасы 1 трлн 52 млн теңгені құрады, деп хабарлады бүгін ҚР Қаржы министрлігінің алқасында Салық комитетінің төрағасы Ануар Жұмаділдаев.

"Бүгінгі таңда соттар Қазақстандағы 1200 салық төлеушіні жалған кәсіпкерлер деп таныды, контрагенттермен өзара есеп айырысу сомасы 1 трлн 52 млн теңгені құрады. Өткізілген жұмыс нәтижесінде төлемге есептелген ҚҚС сомасы 107 млрд астам теңгені құрады", - деді А.Жұмаділдаев.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда жалған кәсіпкерлік елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп тудыратын салық салудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Комитет басшысы жауапсыз салық төлеушілер сызбасы ылғи да жетілдіріліп отыратынын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны