31.05.2016, 15:19 7664

Қазақстанда 13 жылда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 10,7 млрд теӊге төленді - ДСИДМ

Сонымен, 2003 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 2,9 млрд теӊге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. 2016 жылы аталған мақсаттарға республикалық бюджет қаржысынан 4,7 млн теӊге қарастырылған.

Астана. 31 мамыр. Kazakhstan Today - 2003 жылдан бері Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына 10,7 млрд теӊге төленді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2003 жылдан бері Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 10,7 млрд теӊге төленді", - делінген хабарламада.

Ведомствода еске салып өткендей, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына сәйкес негiзсiз қуғын-сүргiндерге ұшыраған және осы заӊға сәйкес ақталған адамдарға, республикалық бюджет қаржысынан олардыӊ аталған орындарда болған әр айы үшiн әлеуметтiк қорғау органдарына өтiнiш жасаған сәтiнде қолданылған Қазақстан Республикасы заӊдарымен белгiленген айлық есептік көрсеткіштіӊ төрттен үш бөлiгi есебiнен, бiрақ заӊмен белгiленген 100 айлық есептік көрсеткiш есебiнен ақшалай өтем төленедi.

Сонымен, 2003 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 2,9 млрд теӊге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. 2016 жылы аталған мақсаттарға республикалық бюджет қаржысынан 4,7 млн теӊге қарастырылған.

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына, мүгедек болып қалған және зейнеткер болып табылатын, саяси қуғын-сүргiндер салдарынан зардап шеккен адамдарға басқа да әлеуметтік төлемдерден тәуелсіз арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы (АМЖ) 1,07 айлық көрсеткіші көлемінде төленедi (2015 жылы - 2121 теӊге).

"2005 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 7,8 млрд теӊге сомасында АМЖ төленді. 2016 жылға 987,6 млн теӊге жоспарланған. Ағымдағы жылғы 1 мамырға АМЖ алушылар саны 35 325 адамды құрады", - деп мәлімдеді министрлікте.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентініӊ 1997 жылғы 5 сәуірдегі №3443 Жарлығына сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргiн құрбандарын Еске алу күнiн атап өтеді.

ХХ ғасырда Қазақстан территориясында еӊ ірі ГУЛАГ - АЛЖИР, Степлаг, Карлаг лагерлерініӊ құрылымдары болды. Республика іс жүзінде үлкен түрме айналды. Қуғын-сүргін жылдарында Қазақстан лагерьлеріне 5 млн адам жіберілген. Кейбір ақпараттар бойынша, жалпы қамалғандар саны бұл саннан едәуір көп.

1921 жылдан 1954 жылға дейінгі аралықта Қазақстанда 100 мыӊ адам қамалды, оныӊ ішінде 25 мыӊына еӊ жоғарғы жазалау шарасы - ату жазасы қолданылған.

1930-1940 жылдарда Қазақстан халқын жаппай депортациялау болған. 1937 жылдыӊ күзінде республикаға мыӊдаған кәріс, түрік, иран, құрт және әзірбайджандар көшірілген. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы кезінде елімізге немістерді, гректерді, шешендерді, ингуштарды, қарачаевтарды, балғарларды, қырым татарларын және басқа елдерді депортациялаған. Олардыӊ саны 1 млн 200 мыӊға теӊеледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны