12.12.2006, 15:21 3021

Қазақстанда 142 мыңдай заңсыз еңбек мигранттары заңдастырылды

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Республикада 9-желтоқсандағы жағдай бойынша 142 мыңдай заңсыз еңбек мигранттары заңдастырылды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.

"Балжам бойынша 100 мыңдай ТМД азаматтарын заңдастыру жоспарланған болатын. Сонымен қатар жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 9-желтоқсанға дейін 142 941 шетел азаматтарының өтініштері қабылданып, 141 950 заңсыз еңбек мигранттары заңдастырылды",- делінген хабарламада.

Полицияның түсініктемесіне сәйкес, "ел аумағына кеш шығуы, кәмелеттік жасқа толмағандығы, қажетті құжаттардың болмауы, сонымен қатар өтініш беруші туралы жалған ақпараттар ұсыну сияқты себептер бойынша" 1136 жағдайда азаматтардың заңдастыру туралы өтініштерін қанағаттандырудан бас тарттылған".

Заңдастырылған азаматтар арасында Өзбекстан азаматтары 71,7% (101 743), Қырғызстан - 13,9% (19 854), Ресей - 6,6% (9 494), Тәжікстан - 2,9% (4111) және басқалары - 4,7% (6749) құрайды.

Хабарламада заңдастырылған еңбек мигранттарының негізгі бөлігі құрылыс нысандарында (95 463), қызмет көрсету саласында (18 399), ауыл шаруашылығында (12 965) және басқа да салаларда (4163) жұмыс істейтіндігі атап көрсетілген. Еңбек нарығында үй қызметінде істейтіндерден 5605 адам заңдастырылды.

Заңдастырылған адамдардың ең көбі көбі Алматы қаласында (21 148), Оңтүстік Қазақстан (18 002) және Алматы (16 728) облыстарында, ал ең аз заңдастырылған Батыс Қазақстан (1809), Шығыс Қазақстан (3013) және Солтүстік Қазақстан (3957) облыстарында. "Бұл осы облыстағы шетел азаматтарының жалпы санының 80% жеке ісі бойынша, туыс-туғандарына және туристік жолмен шекаралас жатқан аймақтардан келеген Ресей азаматтарын құрайтындығына байланысты",- деп түсіндіреді полиция қызметкерлері.

Заңдастырылған еңбек мигранттарының ең жоғарғы еңбек ақысы Астана қаласында, яғни 26 700 теңгені, ал жалпы республика бойынша орташа есеппен 10 890 теңгені құрайды.

ІІМ болжамы бойынша шара аяқталғаннан кейінгі төрт ай ішінде салықтан бюджетке түсетін қаржы шамамен 1 млрд. теңгені құрайды.

Бір реткі шара "Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға сәйкес 2006 жылдың 1-тамызынан 31 желтоқсанға дейін өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны