25.12.2006, 13:27 2907

Қазақстанда 15 желтоқсанға дейін 4,43 млрд. теңгеден аса қаржының мүлкі заңдастырылды

АСТАНА. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2006 жылдың 15 желтоқсанына дейін 4,43 млрд. теңгеден аса қаржының мүлкі заңдастырылды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Салық органдарына 15 желтоқсанға дейін 4,745 млрд. теңге сомасындағы мүлікті заңдастыруға 38 469 өтініш келіп түскен, ал нақты 36 745 өтініш бойынша 4,433 млрд. теңгені құрайтын мүлік заңдастырылды", - делінген мәжілісте өткен "үкімет сағатында" дүйсенбі күні таратылған хабарламада.

Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, 2006 жылдың 15 желтоқсанына дейін мүлікті заңдастырудан бюджетке 72,2 млн. теңге түскен.

Республикамыздың қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда рәсімделмеген 1,5 млн. жылжымайтын мүлік нысандары бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны