15.02.2016, 16:14 3455

Қазақстанда 16-18 ақпанда қатты аяз болады

Республиканыӊ батыс және солтүстік-батыс облыстарындағы циклон әсерінен күн бұлыӊғырланып, жауын-шашын болады, кей жерлерде бұрқасындатып, жел 15-25 м/с-қа жетеді.

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 16-18 ақпанда қатты аяз болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстандағы ауа райын айқындайтын антициклон Ресейдіӊ Еуропалық аумағынан оӊтүстік-шығысқа қарай жылжыған циклонныӊ қысымымен Алтайға қарай ығысады. Республиканыӊ батыс және солтүстік-батыс облыстарындағы циклон әсерінен күн бұлыӊғырланып, жауын-шашын болады, кей жерлерде бұрқасындатып, жел 15-25 м/с-қа жетеді. Көктайғақ орын алады. Қазақстанныӊ қалған аумағында жауын-шашын болмайды. Тұман түсіп, солтүстік, орталық, шығыс облыстарда жер-жерлерде 28-33 дейін аяз болады", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны