29.11.2012, 14:20 3154

Қазақстанда 17 үй құрылысы комбинатын ашу жоспарлануда

Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев үй құрылысы комбинаттарын оңтайлы орналастыру мәселеріне арналған кеңес өткізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Астана. 29-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда 17 үй құрылысы комбинатын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев үй құрылысы комбинаттарын оңтайлы орналастыру мәселеріне арналған кеңес өткізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

"Қазіргі таңда 17 үй құрылысы комбинатын ұйымдастыру жоспарлануда, оның ішінде 11 комбинаттың жұмысы ірі панельді үй салу технологиясына негізделсе, 6 комбинат - құрастыру-каркасты үй салу технологиясын пайдаланатын болады",-делінген ведомство хабарламасында.

Кеңесте атап көрсетілгендей, үй құрылысы комбинаттары өңірлерде "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының аясында жоспарланып отырған құрылыстың көлемі мен қуатына қарап, өңірлік ерекшеліктер мен кадрлық мәселелер ескеріле отырып ашылғалы отыр.

Ведомство ақпараты бойынша, 2012 жылдың соңына дейін Оңтүстік Қазақстан облысында "Оңтүстік Құрылыс Сервис" ЖШС жобасын іске асыру жоспарланса, 2013 жылы 13 жобаны іске асыру жоспарлануда, қалған үш жобаның мерзімі нақтылануда.

Естеріңізге сала кетейік, үй құрылысы комбинаттарының жүйесін дамыту "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының басымдықты бағыты болып табылады. Үй құрылысы комбинаттарының басымдығы сол, ол - өнімділігі жоғары, жоғары деңгейде автоматтандырылған технология.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны