04.09.2012, 14:37 3303

Қазақстанда 190 қазандықта жөндеу жұмыстары аяқталған жоқ

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік төрағасы Серік Нокин Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының кезекті жылыту маусымына дайындығы жоғары деңгейде деп мәлімдеді.

Астана. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда 190 қазандықта жөндеу жұмыстары аяқталған жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік төрағасы Серік Нокин Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының кезекті жылыту маусымына дайындығы жоғары деңгейде деп мәлімдеді.

"Қазандықтардың 94%-ы, жылу трассаларының 84%-ы, электр желілерінің 85%-ы, сумен қамту желілерінің 85%-ы дайын. Жалпы дайындық деңгейі жоғары", - деді С.Нокин үкіметтің сейсенбідегі отырысында.

Оның айтуынша, 190 қазандықтағы жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған.

Жыл басынан бері Алматыда - 41, Шығыс Қазақстан облысында - 28, Қостанай облысында - 19, Атырау облысында - 6, Астанада - 4 нысан жаңа оқу жылына дайын болмай шықты.

С.Нокиннің сөзіне қарағанда, Алматы және Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласында денсаулық сақтау мекемелерінің қысқа дайындық деңгейі орташадан төмен.

Агенттік төрағасы әкімдіктердің дебиторлық қарызы 7,9 млрд теңгені құрайтынын атап өтті.

"2011 жылдың 19-сәуірінен бастап қарыздың 11 пайызы ғана қайтарылды. Сондықтан әкімдіктер дебиторлық қарыз көлемін қысқартуға күш салуы тиіс", - деді С.Нокин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны