25.12.2006, 16:07 2858

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжат беру мерзіміне байланысты талап күшейтіледі

АЛМАТЫ. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚО) құжат беру мерзіміне байланысты талап күшейтіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Таяуда мен құжаттарды дайындап беру мерзімін белгілейтін стандартқа қол қойдым. Осы мерзімнен біз алшақтамауымыз керек", деді "Мегаполис" апталық басылымына берген сұхбатында әділет министрі Зағипа Балиева.

"Мәселен, - деді министр, -егер стандартта сізге керек құжат бір тәулік ішінде дайын болуы тиіс деп жазылса онда ХҚО қызметкерлері құжат дайындау процедурасын жарты күнге де созуға қақылары жоқ". З.Балиеваның айтуынша, егер белгіленген уақытта құжат дайын болмаған жағдайда орталық қызметкерлері не себептен мерзімнен кешіктірілгені туралы екі күн аралығында жазбаша түрде түсінік берулері тиіс. "Мұндай жауап сотқа шағымдануға мүмкіндік береді", деді министр.

Сонымен қатар, әділет министрлігі осы стандарттарды бұзған үшін жауапкершілік енгізуді көздеп отыр. "Бұл норма әкімшілік заңына енгізіледі. Егер ХҚО қызметкерлері стандарттарды сақтамайтын болса, әуелі біз тәртіптік шара қолданамыз: басшысына сөгіс береміз. Одан әріқарай әкімшілік жазаға тартылады, бұл ретте кінәлі адам сөгіспен құтылмайды. Ол айыппұл төлейтін болады. Ал ең сорақы жұмысшы қылмыстық жауапқа тартылады",-деді З.Балиева.

Министрдің сөзіне қарағанда, жаңа стандарттар 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. "Стандарттар бойынша , мүлікті тіркеу, төлқұжат және жеке куәлік беру, заңды тұлғаны тіркеу, кепіл туралы анықтама және тұрақты мекен- жайы туралы анықтама беру қызметтері көрсетіледі",-деді ол.

Министр бүгінгі таңда елде ХҚО жетіспейтінін мойындайды. "Ирбір осындай орталық 100-150 мың адамға қызмет көрсетуге арналған. Ирине , егер 300 400 мың халқы бар қалада бір ғана ХҚО жұмыс істейтін болса, онда кезек көп болады. Кезек проблемасын шешу үшін ХҚО санын көбейту қажет",-деді ол. Алайда, оның айтуынша, мұның бәрі жергілікті басшыларға байланысты. "Егер әкімдік халқын ойлайтын болса, орталық салып береді",-деді З.Балиева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны