24.06.2013, 16:10 21119

Қазақстанда 1 шілдеден бастап жаңа "Қазспорт" телеарнасы хабар таратуды бастайды

"Қазспорт" бірінші ұлттық спорттық арнасы 2013 жылдың 1 шілдесінде хабар таратуды бастайды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР Үкіметі отырысында.

Астана. 24-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда 1 шілдеден бастап жаңа "Қазспорт" телеарнасы хабар таратуды бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазспорт" бірінші ұлттық спорттық арнасы 2013 жылдың 1 шілдесінде хабар таратуды бастайды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР Үкіметі отырысында.

"Ашылуына қатысты дайындық жұмыстары жүргізілген. 1 шілде күні спорттық арнаны ашуға дайынбыз", - деді ол.

Министр айтып өткендей, спорттық арна екі тілде республикадағы және шетелдегі спорттық оқиғалардың бәрін тарататын болады. Сонымен қатар, тәулігіне бірнеше рет спорттық жаңалықтар шығып тұрады, келешекте қысқа метражды деректі спорттық фильмдер түсіріледі.

Жалпы алғанда МАМ басшысының айтуынша, телеарна тәулігіне 14 сағат бойы республика көрермендерінің 65% қамти отырып жұмыс жасайды

"Қазспорт" таратылымын "Отау ТВ", Icon TV, Digital TV және басқа да кабельдік операторлар арқылы іске қосу жоспарланған, сонымен бірге арна Интернет желісінде хабар таратады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны