11.04.2007, 19:29 3443

Қазақстанда 1-маусымнан бастап үлкен жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады

АСТАНА. 11 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда 1-маусымнан бастап үлкен жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы Дулат Күтербеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Д. Күтербеков үстіміздегі жылдың 7-сәуірінде Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрінің "Республикалық маңызы бар жалпы қолданыстағы көлік жолдары бойынша жаз маусымындағы күндізгі және кешкі уақыттарда көлік құралдарының қозғаласын ұйымдастыру туралы" бұйрығы заңды күшіне енгендігін еске сала кетті.

Ол, бұйырыққа сәйкес, 2007 жылдың 1-маусымынан 31-тамызына дейін республикалық маңызы бар жалпы қолданыстағы көлік жолдарында күндізгі және кешкі уақыттарда (10-нан 22 сағатқа дейін) ауа температурасы 25 градустан жоғары болғанда дара осі 8 тоннадан жоғары салмақтағы көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілген.

"Сондай-ақ, қойылған шектеу жолаушылар тасымалына, тез бұзылатын азық-түліктер тасымалына, сонымен қатар көлік жолдарын жаңалауға, салуға қатысатын көліктерге, әсіресе төтенше жағдайлардың зардабын жою шараларына атсалыстатын көліктерге қатысты емес",- деп нақтылап өтті Д. Күтербеков.

Д. Күтербеков атап өткендей, жаз маусымындағы мұндай шектеу Қазақстанда бірінші рет енгізіліп отыр. "Мұндай шектеулер басқа елдерде жыл сайын енгізіледі",- деп атап көрсетті комитет төрағасы.

"Мұндай шектеу қабылдаудың негізгі себебі көлік жолдарының қабаты ауа температурасы 25 градустан жоғары болғанда қатты қызады, бұл жол қабатының бұзылуына әкеп соқтырады",- деп түсіндірді ол.

Көлік және коммуникация комитетінің автомобиль көлігі мен жолға бақылау қою басқармасының бастығы Боранбай Жаркенов, қазіргі уақытта комитет жергілікті атқару органдарымен бірлесіп жолдарда жүктемесі 8 тоннадан жоғары көлік құралдарына арналған тұрақтарды ұйымдастыру мәселесін қарастыруда. "Көлік бақылауының 68 бекеті құрылды. Ирбір постта белгіленген тәртіпте сертификаттаудан өтетін тиісті бақылау-өлшеу құрылғысы орнатылады",- деп хабардар етті ол.

"Стационарлық бекеттерде көлік құралдарын әшкерелеу барысында тиісті шаралар, сонымен қатар рұқсат етілген салмақ өлшемдерін асырған жағдайда әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады " Сондай-ақ, айыппұл да қарастырылған: жеке тұлға үшін - 5 -10 айлық есептік көрсеткіші, шағын кәсіпкерлік үшін - 10 -30 , жеке кәсіпкерлер мен ірі кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғалар үшін - 30 -50 айлық есептік көрсеткішке тең айыппұл салынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны