29.06.2012, 15:42 2950

Қазақстанда 1-шілдеден бастап Алматы-Петропавл бағытында жаңа жүрдек пойызы қатынайтын болады

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы жолаушылар пойызын жақсарту бойынша кешенді жұмыстарды іске асыруды жалғастыруда.

Астана. 29-маусым. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Алматы-Петропавл" жаңа жүрдек пойызын іске қосады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы жолаушылар пойызын жақсарту бойынша кешенді жұмыстарды іске асыруды жалғастыруда.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап жүретін №151/152 "Алматы-Петропавл" жаңа жүрдек пойызына билеттерді сату басталғанын хабарлайды. Пойыз күнара қатынайтын болады. Пойыздың жолда жүруінің жалпы уақыты 18 сағат 05 минутты құрайды.

Пойыз Астана қаласындағы "Тұлпар-Тальго" қазақстандық-испандық бірлескен кәсіпорнының зауытында құрастырылған 19 жайлы "Тальго" вагондарынан тұрады. Вагондар "Жолаушылар тасымалы" АҚ жылжымалы құрамының техникалық ресурсын жаңарту және жоғарылату бағдарламасын іске асыру шеңберінде сатып алынды. Соған сәйкес 2010 жылы "Тұлпар-Тальго" БК-мен 2014 жылға дейін 420 жолаушылар вагонын сатып алуға келісім-шарт жасалды.

"Тальго" вагондары жол жүру жайлылығының критерийлеріне сәйкес келеді, жеңіл конструкцияға ие және соңғы технологиялар бойынша Қазақстанның климат жағдайлары үшін арнайы жасалған. Сонымен қатар қалдықтарды жинауға мүмкіндік беретін вакуумдық тазартудың арнайы жүйесімен жабдықталған. "Тальго" вагондарында жылу вагон-электр станциясынан алынатын электр энергиясы арқылы беріледі, бұл ауаға шығатын зиянды заттардың шығарылымын едәуір азайтады.

Жүрдек маршруттарды іске қосу бірінші кезекте пойыздың жолда жүру уақытын шамамен 2 сағатқа қысқартуды көздейтінін айта кету керек. №151/152 -пойызды іске қосу жолда жүру уақытын Алматы-2 станциясынан Петропавлға дейін (ара қашықтығы 1834 ш/м) 30 сағаттан 18 сағатқа дейін қысқартады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны