12.04.2007, 18:51 3054

Қазақстанда 1-тамыздан бастап жүргізуші куәлігіне қоса талон беріле бастайды

АСТАНА. 11 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда 1-тамыздан бастап жүргізуші куәлігіне қоса талон беріле бастайды. Сәйкес бұйрыққа ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов қол қойды.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылдың 9-сәуіріндегі қаулысына сәйкес ... Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің жол полициясы комитеті халықты, сонымен қатар қызығушылық танытқан министрліктерді, ведомстволарды, кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды жүргізуші куәлігіне қоса талон беру тәртібінің енгізілгендігін және олардың 2007 жылдың 1-тамызынан бастап берілу тәртібі туралы толық хабарландыруды қамтамасыз етсін",- деп айтылған құжат мәтінінде.

Көлік құралдарының жүргізушілерінде 2007 жылдың 1-желтоқсанынан бастап жүргізуші куәлігімен қоса берілетін талон міндетті түрде болуға тиіс.

"Талон әкімшілік жазалар мен заңға сәйкес басқа да функцияларды тіркеу құралы болып табылады. Тіптен жүргізуші куәлігі тәркіленгенде, сонымен қатар көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жағдайында да талон тәркіленбейді",- деп түсіндірілген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны