27.12.2006, 10:28 1866

Қазақстанда 2006 жылдың 4-ші тоқсанында БАҚ-тармен жұмыс жасауда ең үздік болып сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі танылды

АСТАНА. 27 желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанда журналистер мен республиканың жетекші БАҚ бас редакторларының арасында сауалнама жүргізілген болатын. Онда мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың баспасөз қызметтерінің 2006 жылдың 4-ші тоқсанындағы жұмыс тиімділігі туралы сұрақ қойылған болатын. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сауалнама нәтижесі бойынша ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі 106 балл жинап бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орында 96 бал жинаған қаржы министрлігінің баспасөз қызметі болса, үшінші орынға 86 балл жинап денсаулық сақтау министрлігі қол жеткізді, төртінші орында әділет министрлігі /76 балл/, бесінші орында - ішкі істер министрлігі /71 балл/.

ҚР үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сауалнама 10 баллдық меже бойынша жүргізілген. Онда кәсіби ерекшеліктер, баспасөз және ресми хабарламаларды әзірлеу, баспасөз мәжілістері мен брифингтер дайындау бойынша бағаланды.

Сауаланамаға журналистер мен республикалық жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны