04.05.2007, 16:22 3312

Қазақстанда 2007-жылы елден сыртқа шығатын туристер саны 40 процентке артады - Қазақстанның туристік қауымдастығы

АЛМАТЫ. 4-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2007-жылы елден сыртқа шығатын туристер саны 40 процентке артады. Қазақстанның туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова бүгінгі баспасөз мәслихатында осындай болжам жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біздің пайымдауымызша, туризмнің барлық түрлері бойынша көрсеткіштер артады. Елден сыртқа шығатын туристер саны 40 процентке артады деп болжап отырмыз. Ирине, Ыстықкөл бәрінен озатыны белгілі, және біз биыл Түркияға баратындар легі тағы да артады деп жоспарлап отырмыз",- деді Р.Шайкенова. Оның айтуынша, еліміз нарығында Шығыс Еуропа елдері де (Венгрия , Румыния) кеңінен таралған, Греция мен Кипр "нарықты тұрақты жаулап алған".

Р.Шайкенованың айтуынша, Қазақстанда бұрынғыдай іскерлік туризм басым (82 - 84%), қалған бөлігін экологиялық және спорттық туризм иемденеді. "Еліміздегі халықаралық туристік көрмеде Қазақстанның туристік өнімі іс жүзінде байқалған жоқ, тек шет елдер ғана сатылады. Облыстық департаменттер шамалы ғана өз өнімдерін ала келіпті",- деді ол.

Қазақстанның туристік қауымдастығы директорының пікірінше, туризм министрлігі "осы бағытқа жүйелі әрі мақсатты түрле ілгерілей бастады". "Дегенмен, шетелдердегі кәсіби туризм мамандарымен де жұмыс жүргізілуге тиіс деп ойлаймыз. Еліміздегі тұтынушыларға жете бермейтін басылымдарға жарнама беріп, қыруар ақшаны желге шашып жіберуге де болады, әрине",- деді Р.Шайкенова. Оның айтуынша, 2007-2011-жылдарда туризм саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен 59 318 221 мың теңге, соның ішінде 2007 жылы - 2 329 668 мың теңге, 2008-жылы - 20 637 405 мың, 2009-жылы - 30 635 357 мың , 2010-жылы - 2 774 656 мың , 2011-жылы - 2 941 135 мың теңге бөлу жоспарланған.

Өз кезегінде республиканың бір туристік фирмасының жетекшісі Казбек Валиевтің атап көрсетуінше, "кейінгі үш жылда белсенді туризмге, соның ішінде экологиялық туризмге қатысты көрсеткіштердің артуы байқалмайды". "Бұл шетелдерде елімізге келетін туристерге арналған ақпараттың жеткіліксіздігіне байланысты. Шетелдерден туристер ағылу көрсеткіштері 1999-2001-жылдарда байқалды. Бұдан кейін тоқтап қалды. Яғни, адамдар біздің елімізге назар аударды. Ийтсе де , бұл сала ақпаратпен толық қамтылмаған",- деді ол. "Қазақстанға өз еліне саяхаттарды сататын шетелдік агенттіктердің саны артқанымен, осы елдерден келетіндердің саны кейінгі жылдары сол қалпында қалып отыр",- деді К.Валиев.

"Біз еліміз ұшы-қиырсыз, табиғатымыз - әсем деп мақтанамыз. Бірақ Қазақстан аумағы арқылы екі апталық белсенді демалыс бағдарламасын жасау қиын... Елімізде сатуға келетін өнім жоқ, барып көруге келетін орын аз",- деп санайды К.Валиев. "Біз коммерциялық тұрғыда баратын жерлерді көбейту арқылы бағдарламаларымыздың аясын кеңейтуден мүдделіміз. Дейтұрғанмен, табиғаты көркем жерлер мен таулы аудандар Қытай мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Ол жерлерде мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі заңдар жұмыс істейтіндіктен, жұмыс істеуге мүмкіндік жоқ",- деді ол.

К. Валиевтің айтуынша, Қазақстанға көбінесе Англия , Германия, Жапониядан белсенді демалуға туристер келеді. Қауымдастық мәліметтеріне сәйкес, былтыр елімізде шетелдерде саяхаттап қайтқан 5200 мың адам ( 2005 жылы - 4365 мың), ішкі туристер - 3550 мың адам (3280) және шетелдерден келген 3900 мың (3004) адам тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны