28.01.2008, 17:42 3031

Қазақстанда 2008 жылдың 1-қаңтарында ВИЧ індетін жұқтырған 9378 адам тіркелген, оның ішінде 223-і бала - Денсаулық сақтау министрі

Қазақстанда 2008 жылдың 1-қаңтарында ВИЧ індетін жұқтырған 9378 адам тіркелген, оның ішінде 223-і бала - Денсаулық сақтау министрі

Астана. 28-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008 жылдың 1-қаңтарында ВИЧ індетін жұқтырған 9378 адам тіркелген, оның ішінде 223-і бала. Бұл туралы бүгін парламенттегі "үкімет сағаты" барысында денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстанда 2008 жылдың 1-қаңтарында ВИЧ індетін жұқтырған 9378 адам тіркелген, оның ішінде 223-і бала",- деді А. Дерновой.

"Қазіргі уақытта ВИЧ/СПИД індеттері Қазақстанның барлық аймақтарында тіркелуде, соның ішіндн ВИЧ індеті Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары мен Алматыда ең көп тіркелген",- деп қосты министр.

Сонымен қатар ол, "халықаралық сарапшылар мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамдарына сәйкес, Орта Азия бойынша жасалған болжам алдағы онжылдық айтарлықтай қуантпайтындығын" атап көрсетті. Осыған байланысты министрлік індеттің алдын алу және анықтау жөніндегі шаралар қабылдауда.

"Оңтүстік Қазақстан облысының ащы тәжірибесін ескере отырып, біз тек осы аймақпен ғана шектелген жоқпыз",- деп атап өтті А. Дерновой.

Атап айтқанда, оның айтуынша, 2007 жылдың аяғында "жалпы осы індетті медициналық себептермен жұқтыру мүмкіндігінің алдын алу үшін" қан құю қызметін жетілдіру жөнінде бағдарлама қабылдаған.

"Соның ішінде Қазақстанға алты айдан астам мерзімге келгендерді де тексеру көрсеткіштері мен ауқымы кеңейтілді",- деп атап өтті денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар, оның айтуынша, "аймақтардағы қан құю орталықтары қатайтылуда".

"Қан құю орталықтары жоқ жерлерде тоғыз орталық салынатын болады. қазір Астана мен Шымкентте салынуда, жеті орталықты салуға үстіміздегі жылы кірісеміз",- деп түсіндіріп өтті А. Дерновой.

"Жалпы ахуал бақылауға алынған, және де қабылданып жатқан шаралар ВИЧ індетімен науқастануды бақылауға мүмкіндік береді",- деп атап көрсетті денсаулық сақтау министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны