20.09.2007, 16:37 2794

Қазақстанда 2008 жылы әлеуметтік-мәдени саладағы шығын үлесі жалпы мемлекеттік бюджет көлемінің 49,1 пайызын құрайды

Қазақстанда 2008 жылы әлеуметтік-мәдени саладағы шығын үлесі жалпы мемлекеттік бюджет көлемінің 49,1 пайызын құрайды.

Астана. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008 жылы әлеуметтік-мәдени саладағы шығын үлесі жалпы мемлекеттік бюджет көлемінің 49,1 пайызын құрайды. Бұл туралы бүгін "ХХІ ғасырдағы бұрынғы кеңестік кеңістіктегі отбасылық саясат" атты халықаралық конференция барысында Қазақстан парламентінің сенат төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпей мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2008 жылы жоспар бойынша әлеуметтік-мәдени саладағы шығын үлесі жалпы мемлекеттік бюджет көлемінің 49,1 пайызын құрайды",- деді М. Көпей. "Қазақстан соңғы жылдары айтарлықтай экономикалық жетістіктерге жетті, соның нәтижесінде әлеуметтік блокты қаржыландыру да айтарлықтай өсті",- деп атап көрсетті.

Атап айтқанда, М. Көпейдің айтуынша, "мемлекеттің қабылдап отырған шаралары ел халқының айтарлықтай өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді". "Яғни, 2000 жылы Қазақстанда 220 мың нәресте дүниеге келсе, 2006 жылы аталмыш көрсеткіш 290 мыңға дейін өсті",- деп атап өтті ол.

М. Көпей сондай-ақ, презилденттің тапсырмасына сәйкес нәрестенің дүниеге келуіне байланысты берілетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақы екі есеге дейін өсіп, 285 АҚШ долларына дейін жететіндігін, сондай-ақ ай сайын баланың бағым-күтіміне берілетін жәрдемақы да өсетіндігін, жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігі, босануы мен ана болуын міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілетіндігін еске сала кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны