14.01.2010, 14:02 3726

Қазақстанда 2010 жылы С гепатитін тегін емдейді - газет

Қазақстанда 2010 жылы С гепатитін тегін емдейді - газет

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2010 жылы В және С гепатитін жұқтырып алған лейкемиямен ауыратын науқастарды тегін емдейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев "Время" газетіне берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біріншіден, Қазақстанда бұдан былай лейкемиямен ауыратындар үшін жілік майын трансплантациялау әдісі енгізіледі, екіншіден, ересектер үшін Онкология және радиология ҒЗИ негізінде 60 төсектен асатын орны бар лейкемиямен емдеу бөлімшесі ашылады, үшіншіден, В және С гепатитін жұқтырып алған лейкемиямен ауыратын науқастар үшін дәрі-дәрмек орталықтандырылған тәсілмен сатып алынады, олар қымбат емдеуді тегін қабылдайды", - деді Ж. Досқалиев.

Министр бұған қоса Қазақстандағы барлық қан орталықтары жұқпалы ауруларды тез әрі нақты анықтауға мүмкіндік беретін ПЦР-диагностикасы (полимеразды-тізбекті реакция) зертханасымен жабдықталады деп сендірді.

Алдын-ала мәліметке сәйкес, мұндай балаларды емдеуге 2010 жылы шамамен 5 млрд теңге жұмсалады, деп жазады газет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны