08.09.2006, 16:31 2909

Қазақстанда 2010-жылға дейін 9 әуежайдың ұшу-қону алаңын жаңалау жоспарлануда

АЛМАТЫ. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2010-жылға дейін 9 әуежайдың ұшу-қону алаңын жаңалау жоспарлануда. Бұл туралы ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің экономика басқармасының бастығы Боранбай Жарылқағанов бүгін "Қазақстан Республикасының 2015-жылға дейінгі көлік стратегиясы" атты "дөңгелек үстел" барысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Биылдан бастап 2010-жылға дейін 9 әуежайдың ұшу-қону алаңын жаңалау жоспарлануда, ал 2011-2015-жылдар аралығында қалған 7 әуежайдағы ұшу-қон алаңдары жаңаланады",- деді Б.Жарылқағанов.

Министрлік өкілінің хабарлауынша, "азаматтық авиация саласындағы зерттеулерге сәйкес, 2015-жылға дейін жолаушы тасымалы көлемінің өсімі орта есеппен 18 процентті құрамақ. Жолаушы тасымалының рыногы 2005-жылғы 1 млн. жолаушыдан 2015-жылы 6,6 млн. жолаушыға дейін өседі деп күтілуде".

Б.Жарылқағановтың айтуынша, жолаушылар ағыны өскен сайын ұшақтар саны да артуға тиіс. "Иуе компанияларының ұшақтары паркі 10 жылда 65-ке дейін жетеді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны