18.01.2012, 14:12 3275

Қазақстанда 2011 жылдың қараша айында 27,6 мыңнан астам көлік тіркелген

2011 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасында 27 627 жеңіл автокөлік тіркелді. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана. 18-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2011 жылдың қараша айында 27,6 мыңнан астам көлік тіркелген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасында 27 627 жеңіл автокөлік тіркелді. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"2011 жылғы қарашада республикада 27 627 немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49,1%-ға төмен жеңіл автокөлік тіркелген. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша жеңіл автокөліктің саны 3 503,0 мың бірлікті құрады", - делінген Статистика агенттігінің хабарламасында.

Ең көп автокөлік Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген - 4 699. Одан кейінгі орындарда Алматы облысы (3 366) мен Астана қаласы (2 919). Алматыда көрсетілген мерзім ішінде 2 432 көлік тіркелді. Ең аз автокөлік Павлодар облысында тіркеліпті - 302 көлік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны