28.04.2008, 15:40 2936

Қазақстанда 2011 жылға дейін Як-40 үлгісіндегі оннан аспайтын ұшақ қалады - көлік және коммуникация министрі

Қазақстанда 2011 жылға дейін Як-40 үлгісіндегі оннан аспайтын ұшақ қалады - көлік және коммуникация министрі

Астана. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2011 жылға дейін жолаушы тасымалын тұрақты жүзеге асыратын Як-40 және Ан-24 үлгісіндегі оннан аспайтын ұшақ қалады. Бұл туралы бүгін ҚР көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов парламентте өткен үкіметтік сағат кезінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз ұшақтарды мейлінше жаңалау мәселесін қойып отырмыз. Қазақстанда 2011 жылға дейін жолаушы тасымалын тұрақты жүзеге асыратын Як-40 және Ан-24 үлгісіндегі оннан аспайтын ұшақ қалады", - деді С. Ахметов.

Оның атап көрсетуінше, "қазір Қазақстандағы ұшақтар реестрінде 730 ұшақ бар, оның басым бөлігі пайдаланылмай қаңтарылып тұрған азаматтық ұшақтар". "Соның ішінде кеңестік кезеңде жасалған ұшақтардың 63%, батыста шығарылған ұшақтардың 100% жарамды".

"Біз шараларды күшейтіп, үкіметке халықаралық авиация ұйымының стандарттарын Қазақстанда ұшып жүрген ұшақтарға да енгізу жөнінде ұсыныс енгіздік", -деді министр.

Атап айтсақ, жолаушы тасымалдаушы ұшақтар ұшу қауіпсіздігін көтеруге арналған заманауи жабдықтармен, соның ішінде "басқа ұшақтармен қауіпті қашықтыққа жақындағанын ескерту жүйесімен, халықаралық жиілікте жұмыс істейтін апаттық авиамаяктармен, жерге қатерлі қашықтыққа жақындап келгені туралы ерте дабыл қағу жүйесімен қамтамасыз етілуге тиіс".

"Кеңес одағы кезінде өндірілген біздегі Ту, Як-40 және Ан-24 үлгісіндегі ұшақтарда мұндай деңгейдегі заманауи жабдықтар жоқ. Ал Ан-24 немесе Як-40 ұшақтарын осындай жабдықтармен жабдықтау үшін жарты миллион доллар қажет. Ол қаржыны осы ұшақтардың нарықтағы құнымен салыстыруға келмейді", - деді С. Ахметов.

"Ирине, Қазақстандағы бір де әуе компаниясы өз ұшақтарын мұндай жабдықпен жаңалауға бармайды. Яғни, ұшақтарды жаңалау мәселесі көтеріледі деген сөз", - деді ол.

Министрдің айтуынша, республикада жұмыс істейтін әуе компанияларына мынадай ұран тасталып отыр: "жаңғыр, немесе, жан тапсыр".

"Біз әуе компанияларына осындай ескерту жасадық. Сол себепті біз қазір ұшақтардың қызмет ету мерзімін 25 жылға дейін қатаң шектедік", - деді ол.

"Бұл өз нәтижесін берді. Қазір бірқатар әуе компаниялары ұшақтарды жаңалауға ниет хаттамасына қол қоя бастады", -деді С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны