02.04.2012, 14:57 3435

Қазақстанда 2011 жылы 8 мыңнан астам кардиохирургиялық операция жасалды

Денсаулық сақтауды дамытудың "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында еліміздің барлық өңірінде кардиохирургиялық қызметті дамыту жөніндегі тиімді шаралар қабылдануда. Қазақстан ашық жүрекке бірегей жоғары технологиялық операциялар жасаушы әлемнің ең дамыған 22 елінің қатарына кіріп отыр.

Астана. 2-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2011 жылы 8 мыңнан астам кардиохирургиялық операция жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Денсаулық сақтауды дамытудың "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында еліміздің барлық өңірінде кардиохирургиялық қызметті дамыту жөніндегі тиімді шаралар қабылдануда. Қазақстан ашық жүрекке бірегей жоғары технологиялық операциялар жасаушы әлемнің ең дамыған 22 елінің қатарына кіріп отыр.

"Бүгінде "Саламатты Қазақстан-2015" мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау жүйесі сапалы дамып келеді. Халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсы серпінділігіне қол жеткізілді. Бала туу өсіп, өмір сүру ұзақтығы ұлғайды. Қан айналу жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіші 1,7 есеге төмендеді", - деді Елбасы Н.И.Назарбаев "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, қазіргі таңда еліміздің өңірлерінде 26 медициналық ұйым халыққа кардиохирургиялық қызмет көрсетуде. Олар 2011 жылы жүрекке 8 мыңнан астам операция жасады, оның ішінде 6,5 мыңға жуығы - ашық жүрекке жасалған операциялар.

Оған қоса, елімізде жүрекке инвазивті тексеру жүргізуді қарастыратын коронароангиография жасауға арналған 22 кабинет жұмыс істейді. 2011 жылы елімізде 9543 астам осындай тексеру жүргізілген.

Айта кету керек, "Саламатты Қазақстан" бағдарламасының аясында елімізде негізгі әлеуметтік-маңызды ауруларды, оның ішінде қан айналымы жүйесінің ауруларын ерте анықтау мақсатында Ұлтты скринингілік бағдарлама енгізіліп отыр. Оған қоса, қан айналымы жүйесінің ауруларын халықаралық стандарттарға сәйкес диагностикалау мен емдеудің тиімді технологиялары енгізілуде, облыстық және қалалық ауруханалардың жандарынан 8 инсульт орталығы ашылды. 2012 жылдың соңындағы жағдай бойынша елімізде мұндай тағы 16 орталық ашылса, 2013 жылы тағы 24 орталық ашылмақ.

Сонымен бірге кардиологиялық көмек көрсетуші денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базалары нығайтылуда. Бұл мақсаттарға 2011-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетте интервенциялық кардиологияны дамытуға 5,2 млрд. теңге, бастауыш медицина-санитарлық көмекті ұйымдастыру үшін кардиологиялық жабдықтар сатып алуға 3,5 млрд. теңге қарастырылып отыр.

Қабылданып жатқан шаралардың арқасында елімізде әлемдік талаптарға сай келетін заманауи кардиохирургиялық қызмет құрылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны