17.01.2012, 14:24 3086

Қазақстанда 2012 жылдың 1 тоқсанында көліктерді техникалық тексеруден өткізетін орталықтардың саны 91 станцияға жетеді

"Техтексерістен өту мерзімі мен автокөліктің тексерілетін параметрлер тізімі сол күйінде қалады", - дейді А. Дүйсенбеков.

Астана. 17-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2012 жылдың 1 тоқсанында көліктерді техникалық тексеруден өткізетін орталықтардың саны 91 станцияға жетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде автокөлік құралдарын техникалық тексерістен өткізетін жекеменшік орталықтарды ұйымдастыру мәселесі бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында көлік және коммуникация вице-министрі Асылбек Дүйсенбаев мәлім етті.

"Техтексерістен өту мерзімі мен автокөліктің тексерілетін параметрлер тізімі сол күйінде қалады", - дейді А. Дүйсенбеков.

Оның айтуына қарағанда, жемқорлыққа жол бермес үшін және техникалық тексерістің әділдігін қамтамасыз ету мақсатында, орталықтар мына параметрлер бойынша тексеріс жүргізеді: тежегіш жүйесі, рульдік басқару, шамдар, автоматтандырылған стендтердегі түтін шығару құралы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны