08.02.2012, 16:05 4910

Қазақстанда 2012 жылы ҰБТ нысаны өзгеріссіз қалады

Биыл Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізу нысаны бұрынғыша қалады

Астана. 8-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2012 жылы ҰБТ нысаны өзгеріссіз қалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Биыл Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізу нысаны бұрынғыша қалады.

"Биылғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу қазіргі тәртіппен жүргізіледі", - деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мәлімдеді.

ҰБТ биыл да, бұрынғыдай қазақ және орыс тілдерінде бес пән бойынша жүргізіледі. Ир пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25, жалпы сұрақ саны - 125. Тест ұзақтығы 210 минут немесе 3,5.

ҰБТ-ға қатысыға өтініш қабылдау мерзімі 10 наурыз бен 25 сәуір аралығы. Өтініш қағазын толтыру өзі білім алып жатқан оқу мекемесінде жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны