18.02.2013, 09:55 3112

Қазақстанда 2012 жылы жоғары мамандандырылған медициналық көмек қызметтерінің көлемі 60%-ға артты

"Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін тұрақты енгізу елорда тұрғындарымен қатар өңірлерге қолжетімді болатын жоғары технологияларды дамытуға баса назар аударуға себеп болды. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек қызметтерінің көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 60%-ға артқан, қызметтердің жартысынан көбі, яғни 56%-ы өңірлік деңгейде көрсетілген",- деді С.Қайырбекова.

Астана. 18-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2012 жылы жоғары мамандандырылған медициналық көмек қызметтерінің көлемі 60%-ға артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті мәжілісінің үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

"Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін тұрақты енгізу елорда тұрғындарымен қатар өңірлерге қолжетімді болатын жоғары технологияларды дамытуға баса назар аударуға себеп болды. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек қызметтерінің көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 60%-ға артқан, қызметтердің жартысынан көбі, яғни 56%-ы өңірлік деңгейде көрсетілген",- деді С.Қайырбекова.

Сонымен қатар, шетелден технологияларды трансферттеу үшін шетелдік мамандарды шақырту арқылы 73 үйрету мастер-класы өткізілгенін атап өтті.

Онымен қоса, 2013 жылға дейін алдыңғы қатардағы технологияларды дамыту аясында өңірлерде 28 инсульт орталығы енгізіледі.

Және де, менеджмент орталығы негізінде мамандарды оқытуды ұйымдастыру үшін 3 мыңнан астам денсаулық сақтау менеджері оқудан өтті. 2012 жылы стационарлық көмек көрсететін 12 мың маман оқып шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны