25.07.2013, 15:47 2920

Қазақстанда 2013 жылдың I жартыжылдығында 35 нозология бойынша сырқаттану төмендеді

Қазақстанда І жартыжылдықта 35 нозология бойынша сырқаттанудың төмендегені байқалады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 25-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2013 жылдың I жартыжылдығында 35 нозология бойынша сырқаттану төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда І жартыжылдықта 35 нозология бойынша сырқаттанудың төмендегені байқалады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстанда І жартыжылдықта 35 нозология бойынша сырқаттанудың төмендегені байқалады. Инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Республикада 75 нозологиялық түрдің 10 нозологиясы: тырысқақ, оба, туляремия, күйдіргі, іш сүзегі, паратиф, дифтерия, безгек, трихинеллез және полиомиелит бойынша тұрғындардың сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Осылайша, 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сальмонеллезбен сырқаттанушылықтың 21,1%-ға, дизентерияның 15,6%-ға, жіті ішек инфекцияларының 17,9%-ға, сарып ауруының 6,7%-ға төмендегені байқалған.

Сонымен қатар, А гепатитімен ауыру 40,6%-ға, В гепатиті 18,4%-ға, тыныс алу ағзалары туберкулезі 8,2%-ға, қышыма 13,2%-ға төмендеген.

Бұдан өзге, көкжөтелмен ауыру 2,8 есеге, қызылша 4,9 есеге, эпидемиялық паротит 2,3 есеге, кене энцефалиті 3 жағдайға, Конго-Қырым қанды қызбасы 10 жағдайға, жіті вирустық гепатиттер 34,7%-ға азайған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны