09.07.2013, 10:12 2793

Қазақстанда 2013 жылдың маусымында тұрғын үй бағаларының аздап өсуі байқалған

Республиканың жылжымайтын мүлік нарығында 2013 жылдың маусымында тұрғын үйдің барлық түрлеріне бағалардың аздап өсуі байқалған, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

Астана. 9-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2013 жылдың маусымында тұрғын үй бағаларының аздап өсуі байқалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Республиканың жылжымайтын мүлік нарығында 2013 жылдың маусымында тұрғын үйдің барлық түрлеріне бағалардың аздап өсуі байқалған, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

"2013 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда көркейтілмеген тұрғын үйлерді алып сату 2,1%, көркейтілген тұрғын үйлерді алып сату және оны жалға беру - 1,8%-дан, жаңа тұрғын үйлерді сату - 1,5%-ға өсті", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Бұдан өзге, ведомствоның мәліметінше, 2013 жылдың маусымында тұрғын үйді сату-сатып алу тіркелген келісімдерінің саны 15 512 құрады, бұл өткен аймен салыстырғанда 1,3%-ға артық.

Сонымен қатар, тұрғын үйді сату-сатып алу келісімдерінің саны 2013 жылдың қаңтар-маусымында 83 763 құрады. Агенттіктің мәліметінше, 2013 жылдың қаңтарынан бастап маусымға дейінгі аралығында тұрғын үйді сату-сатып алу келісімдерінің саны 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,6%-ға артқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны