29.12.2015, 10:43 3656

Қазақстанда 2015 жылдыӊ 11 айында санвиация 2 мыӊнан астам ұшырылым жасады

Медициналық қызмет көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылдыӊ 11 айында 2020 ұшырылым жасады. Өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда ұшырылымдар саны 281-ге немесе 14%-ға артты

Астана. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Медициналық қызмет көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылдыӊ 11 айында 2020 ұшырылым жасады. Өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда ұшырылымдар саны 281-ге немесе 14%-ға артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Санавиация мамандары аталған мерзім ішінде 2539 медициналық қызмет көрсетті. Оныӊ ішінде 1962 науқас тасымалданып, 441-не кеӊес берілді және 136 ота жасалды.

Астана қаласынан 557, Алматыдан 205, аймақтардан 1244 ұшақ ұшырылып, аймақаралық 14 ұшырылым жасалды.

Сонымен бірге, осы мерзімде шетелдік емханалар мен медициналық ұйымдардағы ҚР азаматтары Астана және Алматы қалаларына емдеу шараларын жалғастыру үшін тасымалданды. Бангкоктан (Тайланд) және Сеулдан (Оӊтүстік Корея) - 2 ұшырылымнан, Пекиннен (Қытай), Омск, Екатеринбург қалаларынан (РФ), Кельннен (Германия), Киевтен (Украина), Бали аралынан (Индонезия) - 1 ұшырылымнан жасалды.

Санитарлық авиацияныӊ мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаӊа туған нәрестелердіӊ патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті.

Сонымен бірге, 2015 жылдыӊ 11 айында санитарлық авиацияныӊ мобильдік бригадалары жол-көлік апатынан зардап шеккен 234 адамға медициналық көмек көрсетті (2014 жылдыӊ 11 айында жол-көлік апатынан зардап шеккен 171 азаматқа медициналық көмек көрсетілген болатын).

Республика бойынша есептік кезеӊде жедел медициналық көмек 136 пациентке көрсетілді, бұл жалпы көрсетілген медициналық көмектіӊ 6% құрады. Республикалық емхана дәрігерлері 45, аймақтық мамандар 91 ота жасады.

Қазақстанда санитарлық авиация бригадаларыныӊ ұшырылымдары жыл санап артып келеді. Бұл - республиканыӊ шалғай аймақтарындағы көмекке зәру адамдарға жедел, аса білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектіӊ қолжетімділігін дәлелдейді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны