13.08.2015, 13:19 3253

Қазақстанда 2015 жылдыӊ 7 айында санитарлық авиация 1412 ұшырылым жасады

Медициналық қызметтер көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылдыӊ 7 айында 1412 ұшырылым жасады. Өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда ұшырылымдар саны 332-ге немесе 24% артты

Астана. 13 Тамыз. Kazakhstan Today - Медициналық қызметтер көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылдыӊ 7 айында 1412 ұшырылым жасады. Өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда ұшырылымдар саны 332-ге немесе 24% артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Барлығы 1783 медициналық қызмет көрсетіліп, оныӊ ішінде 1347 науқас тасымалданып, 335 кеӊес берілді және 101 ота жасалды.

Тасымалданған науқастардыӊ 65% облыстық және қалалық медициналық ұйымдарға, 25% Астана мен Алматы қалаларында орналасқан республикалық емдеу орталықтарына жеткізілді. 6 науқас шетелдерден елге әкелінді.

Санитарлық авиацияныӊ мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаӊа туған нәрестелердіӊ патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, осы кезеӊде 14 мәрте донорлық органдар тасымалданды.

Санитарлық авиация қызметкерлерініӊ кәсіби біліктілігі және шапшаӊдығы халық арасында зор беделге ие. 2015 жылғы 10 тамызда Қазақстанда одан әрі емін жалғастыру үшін ағымдағы жылғы 19 маусымда Пекиннен Алматыға жеткізілген Нұрбала Таккулованыӊ туыстарынан ҚР ДСИДМ-не алғыс хат түсті.

"Барлығы жоғары кәсіби деӊгейде жүргізілді және қарым қатынастары адамгершілікке, ізгілікке толы. Біз өз мемлекетімізді мақтан тұтамыз және шын жүректен Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметіне алғыс білдіреміз. Біздіӊ мемлекетіміз бұдан әрі де адамдарға көмектесуде және азаматтардыӊ өмірін сақтауда көп жұмыс атқаратынына кәміл сенеміз", делінген хатта.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны