18.06.2012, 10:25 1964

Қазақстанда 2015 жылға қарай мұғалімдердің жалақысын 2-3 есе арттыру жоспарлануда

Қазіргі кезбен салыстырғанда 2015 жылға қарай Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы екі-үш есе өседі, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2015 жылға қарай мұғалімдердің жалақысын 2-3 есе арттыру жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазіргі кезбен салыстырғанда 2015 жылға қарай Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы екі-үш есе өседі, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.

"Білім беру жөніндегі мемлекеттік бағдарламада 2015 жылға қарай мұғалімдердің орташа жалақысы жеке меншік сектордағы ақшаға жақындап қалады деп көзделген. Яғнги қазіргімен салыстырғанда екі-үш есе көп болмақ", деді ол дүйсенбіде мәжілісте "үкіметтік сағат" шеңберінде сөйлеген кезінде.

"Бұл мәселеде сіздердің қолдауларыңыз керек болып отыр", деді министр. депутаттарға.

Ол еске салып өткендей, өткен жылдан бері мұғалімдер санатына қарай үстеме ақша алады.

"Бұл әжептәуір үстеме ақша. Мәселен, жоғары санаттағы мұғалім базалық кесімді жалақының 100 пайызын алады, бірінші санаттағысы 50 пайыз, екінші санаттағысы 30 пайыз", деді ол.

"Ұстаз, профессор басқа жақтан ақша табуға тырыспас үшін негізгі жұмыс орнынан дұрыс ақша алуға тиіс", деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны