04.06.2015, 17:24 3822

Қазақстанда 2015 жылғы І тоқсанда санитарлық авиация 473 ұшырылым жасады

Медициналық қызметтер көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылғы І тоқсанда 473 ұшырылым жасады. Өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда ұшырылымдар саны 82-ге немесе 17% артты

Астана. 04 Маусым. Kazakhstan Today - Медициналық қызметтер көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылғы І тоқсанда 473 ұшырылым жасады. Өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда ұшырылымдар саны 82-ге немесе 17% артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Барлығы 602 медициналық қызмет көрсетіліп, оныӊ ішінде 445 науқас тасымалданып, 130 кеӊес берілді және 27 ота жасалды.

Тасымалданған науқастардыӊ 62% облыстық және қалалық медициналық ұйымдарға, 38% Астана мен Алматы қалаларында орналасқан республикалық емдеу орталықтарына жеткізілді.

3 науқас шетелдерден елге әкелінді.

Санитарлық авиацияныӊ мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаӊа туған нәрестелердіӊ патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, осы кезеӊде 4 мәрте донорлық органдар тасымалданды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны