29.04.2011, 15:15 4517

Қазақстанда 2015 жылы барлық елді-мекендер жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі

Қазақстанда 2015 жылы барлық елді-мекендер жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 29 - сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2015 жылы барлық елді-мекендер жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2015 жылға қарай Қазақстан жылдамдығы жоғары интернетпен 100% қамтамасыз етiледі, ал қолжетімділік жылдамдығы дамыған елдердiң деңгейiне жететiн болады. Мемлекет осы нақты міндетті телекоммуникациялық компаниялармен бірлесіп, әзірленген "Жол картасына" сәйкес, жоспарлы түрде іске асыруға ниет білдіруде. Бұл туралы ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінен хабарлады.

Ведомства арнайы дайындалған "Жол картасы" бағдарламасы шеңберінде WiMax және FTTH, сондай-ақ CDMA-450, 3G және LTE технологияларын пайдалана отырып, ИКҚ (Интернетке кең жолақты қолжетімділік) дамытуға бағытталған бірқатар шаралар мен ісшаралар өткізу жоспарлануда.

Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев атап көрсеткендей, "министрлік аталған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін телекоммуникациялық операторларға барынша көмек көрсетуге ниетті".

"Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің сөзіне қарағанда, КЖҚ-ны дамыту жобаларын іске асыру 2014 жылдың соңына қарай абоненттерге әлемдік көшбасшылар деңгейінде Интернет желілеріне қолжетімділіктің жоғары жылдамдықты қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны