19.01.2017, 18:30 7990

Қазақстанда 2015 жылы жатыр мойныныӊ ісігі 1826 әйелден анықталды

2017 жылы 28 қаӊтар күні жатыр мойныныӊ ісігі туралы хабардар болу аптасы шеӊберінде қалауы бойынша кез-келген әйел пап-тестіден тегін өте алады.

Алматы. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2017 жылдыӊ 23 - 29 қаӊтары аралығында дәстүрлі түрде жатыр мойныныӊ ісігі туралы хабардар болу аптасы өтеді,- деп хабарлайды Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтыныӊ баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты, денсаулық сақтау басқармалары және еліміздегі аймақтық онкологиялық орталықтар жоспарлаған шаралар шеӊберінде біз барлық жастағы әйелдерді тегін гинекологиялық тексеруден өтуге шақырамыз, тексеру барысында пап-тест (атипиялық жасуша бар-жоқтығын тексеру үшін жатыр мойнынан жағынды алу) жүргізіледі.

Пап-тестіден өту мүмкіндігі Қазақстанда онкологиялық қызметті дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама шеӊберінде бес жылда бір рет 30 бен 60 жас аралығындағы әйелдерге беріледі.

2017 жылы 28 қаӊтар күні жатыр мойныныӊ ісігі туралы хабардар болу аптасы шеӊберінде қалауы бойынша кез-келген әйел пап-тестіден тегін өте алады. Бұл күні бүкіл Қазақстанныӊ онкологиялық мекемелерінде ашық есік күндері өтпек, онда әйелдер гинеколог-онкологтан тегін консультация ала алады.

Алматыда жатыр мойныныӊ ісігін ерте анықтау жөніндегі ашық есік күні шарасы 28 қаӊтар күні Қазақ онкология және радиология ҒЗИ сағат 9.00 ден бастап 14.00-ге дейін өткізіледі (Абай көшесі, Шагабутдинов көшесініӊ қиылысы) және Алматы онкология орталығы (Өтепов көшесі 3, Гагарин көшесініӊ қиылысы).

Ешқандай симптомдардыӊ болмағандығы бәрі жақсы екен деген сөз емес!

Пап-тестініӊ теріс нәтижесі жатыр мойнында атипикалық жасушалар жоқ дегенді білдіреді, ал пап-тестініӊ оӊ нәтижесі жатыр мойнында "нашар" жасушалардыӊ бар екендігін білдіруі ықтимал, демек сізге қосымша зерттеуден өткен жөн.

"Жатыр мойныныӊ ісігі ауруы әлемдегі елеулі проблема болып қалып отыр, ол жиілігі жағынан бүкіл дүниежүзінде әйелдерде кездесетін обыр жағынан екінші орында. Жыл сайын жарты миллионға жуық әйел ауруға шалдығып, шамамен 288 мыӊ әйел көз жұмады.Жатыр мойны ісігініӊ қоғамға әсері үлкен, өйткені бұл ауру әсіресе 30-40 жастағы және одан үлкендеу жастағы әйелдерде кездеседі, бұл уақыт әйелдердіӊ отбасы құрып, қызмет етіп, күнделікті тіршіліктен қолдары босамайтын кезеӊі. Жатыр мойныныӊ қатерлі ісігі диагнозы әйелдіӊ жеке басына, оныӊ отбасына, достарына үлкен эмоционалды салмақ салады, сонымен қатар оны емдеуге мемлекет пен қоғам тарапынан қыруар қаржы жұмсалатындығын да ескеру қажет", - деді Қазақстанныӊ бас онкологы, м. ғ. д. Диляра Кайдарова.

Еуропа елдерінде жыл сайын жатыр мойны ісігі ауруына 60 мыӊ әйел шалдығып, 30 мыӊ әйел қаза болады, әлемде осы диагнозбен өмір сүріп жатқан әйелдер саны 175 мыӊнан асады.

Қазақстанда 2015 жылы бұл ауру 1826 әйелден анықталды, оныӊ ішінде аурудыӊ асқынған және таралған формасы 233 әйелде, бұл 12.9 %. 600-ден аса әйелдіӊ қаза болғандығы тіркелді, оныӊ ішінде "жатыр мойны ісігі" диагнозымен есепте тұрған әйелдер саны 11 578 құрайды. 2016 жылдыӊ деректері әзірге өӊделіп жатыр.

Пап-тест жатыр мойны обырыныӊ алдын-алудыӊ тамаша әдісі болып табылады. Жатыр мойнынан алынған жағынды атипикалық жасушыларды анықтауға мүмкіндік береді, мұндай жасушалар сәйкесті ем болмаса уақыт өте келе обырға айналуы ықтимал. Дамыған елдерде скринингтіӊ тұрақты түрде жүргізілуі жыл сайын анықталатын жаӊа ауырғандар санын екі есеге қысқартуға мүмкіндік беріп отыр.

Еӊ өкініштісі сол, жатыр мойныныӊ қатерлі ісігі сырқаты алдын- алуға болатын ауру түрі, дер кезінде профилактикалық тексеру өткізіп,қазіргі кезеӊде қолжетімді адам папилломасы вирусына қарсы вакциналау арқылы көптеген аурудыӊ алдын-алуға және сонша адам өліміне жол бермеуге болады.

Дәлелденгендей, дұрыстап ұйымдастырылған популяциялық скрининг арқылы сырқаттану жағдайларыныӊ 80%-ныӊ дерлік алдын-алуға болады. Оныӊ үстіне бізде қазір тиімділігі жоғары үш вакцина бар, олар онкогенді қауіптілігі жоғары адам папилломасы вирусы инфекциясын жұқтырудыӊ алдын-ала алады.

Сонымен, қоғамды жатыр мойныныӊ қатерлі ісігінен құтқару үшін бұл ауруды жаӊа ғылыми зерттемелер тақырыбы ретінде қарастырғаннан гөрі скрининг пен вакциналау бағдарламаларыныӊ көмегі арқылы аурудыӊ алдын-алу мүмкіндіктерін пайдалану дұрыстау болып табылады.

Жатыр мойны ісігі туралы хабардар болу аптасы бүкіл әлемде жыл сайын өткізіледі. Біздіӊ мақсат,жұртшылықтыӊ назарын жатыр мойны ісігі ауруы проблемасына аударту. Бүгінгі күнде біз аурудыӊ алдын қалай алу керектігін білеміз: ұдайы жетілдіріліп отыратын тегін мемлекеттік бағдарлама жұмыс істеп жатыр, мамандарды оқыту қолға алынған.

Аурудыӊ алдын-алу үшін біздіӊ қолымызда қажетті нәрсеніӊ бәрі бар, басты шарт -әйелдердіӊ қатысуы, олардыӊ өз денсаулығын аялауы, жақындары мен туысқандарыныӊ денсаулығына қамқор болуы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны