19.05.2016, 15:42 3964

Қазақстанда 2019 жылға дейін кәсіптік-техникалық колледждерде жаӊа білім беру бағдарламалары енгізіледі - БҒМ

"Біздіӊ мақсатымыз 2019 жылға дейін барлық колледждерде білім беру бағдарламасын жаӊарту", - деді Е.Сағадиев "2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР Президентініӊ Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында тегін техникалық және кәсіби білім беруді енгізу тетіктері туралы" дөӊгелек үстел барысында

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2019 жылға дейін кәсіптік-техникалық колледждерде жаӊа білім беру бағдарламалары енгізілетін болады, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біздіӊ мақсатымыз 2019 жылға дейін барлық колледждерде білім беру бағдарламасын жаӊарту", - деді Е.Сағадиев "2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР Президентініӊ Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында тегін техникалық және кәсіби білім беруді енгізу тетіктері туралы" дөӊгелек үстел барысында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ведомство басшысы жақын уақытта колледждерде несиелік-модульдік жүйеге көшу жоспарланғандығын айтты. Бұл, оныӊ айтуынша, техникалық колледждер мен жетекші оқу орындарыныӊ арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді.

"Бұл жерде екі элемент бар: біріншіден - модульдік жүйеге көшуге орай, ішіндегі мазмұнын параллельді жаӊартудамыз. Бүгін "Кәсіпқор" холдингімен 45 модульдік білім беру бағдарламалары әзірленген және қосымша 147 - Дүниежүзілік банк жоспары бойынша. Осы жылдыӊ қыркүйек айынан бастап біз бұл білім беру бағдарламасын "Кәсіпқор" холдингіден бастаймыз", - деді ол.

Ол өз сөзінде "Кәсіпкер" холдингі осы жаздан бастап 2 мыӊ 600 колледж мұғалімін дайындайтығын айтты.

"Олар осыған дайындалуда. Сондай-ақ бұл сандар болашақта өсетін болады", - деді министр.

Естерінізге сала кетейік, Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына орай 2017 жылдан бастап тегін кәсіптік-техникалық білім беру енгізіледі. ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Дариға Назарбаеваныӊ төрағалығымен жұмыс тобы құрылды. Қазіргі таӊда аталған жобаны енгізу бойынша тетіктер әзірленуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны