21.05.2013, 14:26 3798

Қазақстанда 2020 жылға дейін 9 жаңа автовокзал салынады

2020 жылға дейін автожол саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 9 жаңа автовокзал салынады, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында ҚР көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев.

Астана. 21-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2020 жылға дейін 9 жаңа автовокзал салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2020 жылға дейін автожол саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 9 жаңа автовокзал салынады, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында ҚР көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев.

"2020 жылға дейін 9 жаңа автовокзал, 61 автостанция және жолаушыларға қызмет көрсететін 584 пункттері салынатын болады", - деді А.Жұмағалиев.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта қолданыстағы 34 автовокзалдардың тек 10 ғана белгіленген талаптарға сай келетінін атап өтті.

Министр, сонымен қатар, саланы дамытудың келешектегі жоспарлары туралы айтты.

"ЭКСПО-2017 дайындалу аясында төрт жобаны, атап айтсақ "Астана-Қарағанды", "Астана-Павлодар", "Астана қаласының оңтүстік батыс айналма жолы" және "Щучье-Зеренда" іске асыруды қоса алғанда халықаралық көлік дәлізінің барлық желісін қайта жаңартуды аяқтауды жоспарладық, 3,5 мың.км жолға ақылы төлем жүйесін енгізу арқылы жыл сайынғы алымдарды шамамен 90 млрд.теңгеге жеткізуді қарастырдық", - деп мәлімдеді Көлік және коммуникация министрлігінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны