14.12.2010, 14:25 15638

Қазақстанда 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасы бекітілді

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев 2010 жылғы 7 желтоқсанда "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекіту туралы" №1118 Жарлыққа қол қойды. Жарлық мәтіні бүгін ресми БАҚ жария етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев 2010 жылғы 7 желтоқсанда "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекіту туралы" №1118 Жарлыққа қол қойды. Жарлық мәтіні бүгін ресми БАҚ жария етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жарлыққа сәйкес, ҚР Үкіметіне бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігімен келісім бойынша бекіту тапсырылды.

Сондай-ақ, жарты жылдың қорытындылары бойынша 15 қыркүйекке және 15 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Икімшілігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін, деп тапсырылған.

Орталық және жергілікті атқарушы огандар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы тапсырма берілді.

Сонымен қатар, аталмыш жарлықпен "Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі №626 Жарлығының (Қазақстан Республиксының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №32, 333-құжат) күші жойылды деп танылды.

Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Икімшілігіне жүктелді.

Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, деп көрсетілген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны