29.03.2010, 15:12 4390

Қазақстанда 2020 жылы барлық білім беру ұйымдары кең жолақты Интернетпен қамтамасыз етіледі

Қазақстанда 2020 жылы барлық білім беру ұйымдары кең жолақты Интернетпен қамтамасыз етіледі

Астана. 29 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2020 жылы барлық білім беру ұйымдары кең жолақты Интернетпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев бүгін парламент мәжілісінде өткен үкімет сағатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Электрондық оқыту жүйесі құрылып, 2020 жылы барлық білім беру ұйымдары кең жолақты Интернетпен, жергілікті желілермен, сандық контентпен қамтамасыз етіледі", - деді Ж. Түймебаев.

Оның айтуынша, "әрбір мұғалім мен әрбір оқушы дербес компьютермен қамтамасыз етіліп, әлемдегі барлық білім беру ресурстарына шыға алады".

Сондай-ақ, оның айтуынша, "2015 жылға дейін Болон процессінің басты параметрлері орындалады". "университеттердің 10%-ы халықаралық арнаулы аккредитациядан өтеді", -деді Ж. Түймебаев.

"Ал 2020 жылы Қазақстанның екі жоғары оқу орны әлемдегі ең таңдаулы университеттердің рейтингіне енгізіледі", - деді министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, "орта білім беру жүйесінде 2015 жылы 1-ші, 5-ші және 11-ші сыныптар 12 жылдық модель бойынша, жаңартылған ұлттық стандарттарға сәйкес жұмыс істей бастайды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны