26.02.2015, 17:15 3954

Қазақстанда 20-дан аса елдіӊ әскери өкілі 2015 жылға қойылған міндеттерді айқындады

Бұл кездесу биыл ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетініӊ базасында шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардыӊ Қазақстанда қорғаныс саласындағы қарым-қатынасты кеӊейту және тереӊдету бойынша іс-шаралар жоспарыныӊ аясында өтті.

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасында тіркелген әскери дипломатиялық корпус ҚР Қарулы Күштердіӊ алдағы іс-шаралары мен халықаралық әскери ынтымақтастық перспективасыныӊ негізгі міндеттерімен танысты. 20 ел әскери ведомстваларыныӊ өкілдері өткен жылдыӊ қорытындысын, 2015 жылға қойылған міндеттерді, сондай-ақ Қазақстан Қарулы Күштерініӊ ұзақ мерзімді жоспарлары мен алдағы уақытта қорғаныс ведомстваларымен өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл кездесу биыл ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетініӊ базасында шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардыӊ Қазақстанда қорғаныс саласындағы қарым-қатынасты кеӊейту және тереӊдету бойынша іс-шаралар жоспарыныӊ аясында өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Бүгінгі таӊда қазақстандық армияныӊ даму үрдісін кәсіпқойландыру, ақпараттандыру, роботтандыру және зияткерлендіру айқындайды. Осыған орай ол жауынгерлік даярлық, кадрларды басқару, әскери қызметке шақыру және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы, бірлескен оқу-жаттығулардағы шетелдіӊ озық тәжірибесін зерделеу орта мерзімді перспективаныӊ басымдығы болып табылады" - деп ҚР Қорғаныс министрініӊ бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабыныӊ бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов әскери атташелермен кездесуінде сөйлеген сөзінде атап өтті.

Бүгінде Қазақстанда 41 елдіӊ әскери атташелері тіркелген. Өткен соӊғы бірнеше жылдар ішінде еліміздіӊ әскери-дипломатиялық корпусы Жапония, Венгрия, Нигерия, Йемен, Уганды, Шри-Ланка және Швеция өкілдерімен толықты.

Халықаралық ынтымақтастық бірлесіп оқу-жаттығулар ("Дала қыраны-2014", "Өзара қарым-қатынас", "Бейбіт миссия", "Өӊірлік ынтымақтастық" және басқалары) есебінен нығайып келеді. Осы оқу-жаттығулар әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлаудағы түрлі елдердіӊ тәжірибесін зерделеуге және теориялық білімді іс жүзінде бекітуге мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны