27.04.2018, 23:52 7397

Қазақстанда 21 түрлі жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық екпелер көзделген

Жыл сайын 5 жасқа дейінгі шамамен 1,4 миллион бала дәл осы вакцинамен басқарылатын аурулардан көз жұмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ Еуропалық аймағында вакцинамен басқарылатын аурулар салдарынан жыл сайын 32 000 бала өлім-жітімге ұшырайды.

Алматы. 27 сәуір. KazakhstanToday - Вакцинамен басқарылатын ауруларды вакцинациямен жоғары дәрежеде қамтудыӊ арқасында Еуропада көптеген инфекциялық аурулар азайған және олардыӊ өршуі төмендеген.

Дегенмен, вакцина арқылы басқарылатын инфекциялар бұрынғысынша аурулардыӊ, еӊбекке жарамсыздықтыӊ, тіпті өлім-жітімніӊ себебі болып табылады.

Жыл сайын 5 жасқа дейінгі шамамен 1,4 миллион бала дәл осы вакцинамен басқарылатын аурулардан көз жұмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ Еуропалық аймағында вакцинамен басқарылатын аурулар салдарынан жыл сайын 32 000 бала өлім-жітімге ұшырайды.

Профилактикалық екпелер күнтізбегі әлемніӊ бүкіл елінде бар.Вакцина түрі мен вакцинация саны әр елдіӊ Күнтізбегінде көзделген және ол сол елдегі, көрші елдердегі эпидемиологиялық жағдайға,күнтізбекке заманауи әрі тиімді , қымбат вакциналарды енгізудегі елдіӊ экономикалық мүмкіндігіне, сонымен қатар елдіӊ нарығында заманауи вакциналардыӊ бар-жоқтығына байланысты болады.

Сәуле Шәріпова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына қарасты Санитарлық- эпидемиялогиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы директорыныӊ орынбасары: "Қазақстан Республикасыныӊ профилактикалық екпелер күнтізбегінде 21 инфекция көзделген. Біздіӊ ел жаӊадан туғандар мен жасөспірімдер арасында В гепатитіне, қызылша мен қызамыққа қарсы комбинирленген, эпидпаротитке, ХИБ-инфекциялар мен пневмококкты инфекцияларға қарсы вакцинацияларды енгізген ТМД елдері ішінде алғашқылардыӊ бірі болып саналады. Алдыӊғы елдердіӊ бірі болып полиомиелитке қарсы инактивирленген вакцинаны пайдалануға көшкен болатын.

Ұлттық күнтізбекте сондай-ақ эпидемиялық көрсетулерге орай екпелер көзделген, оныӊ ішінде: тұмау, А вирусты гепатит, сібір күйдіргісі, туляремия, оба, көктемгі-жазғы кене энцефалиті секілді инфекцияларға қарсы екпелер.

Қазақстан Республикасында профилактикалық екпелерді жүргізу шаралары толығымен мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Профилактикалық екпелер күнтізбегіне енген екпелер ғана емес, эпидкөрсеткіштерге орай көзделген екпелер де тегін салынады.

Қазақстанда Иммундандыру мәселелері жөніндегі Консультативтік комиссия жұмыс істейді. Тек осы Комиссияныӊ ұсынысына орай ғана Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық екпелер күнтізбегіне жаӊа және тиімділігі жоғары вакциналарды енгізу қажеттілігін қарастырады.

Гүлнәр Тәшенова, С.Асфендияров атындағы Қазақ медицина университетініӊ №1 балалар аурулары кафедрасыныӊ меӊгерушісі:

"Қазақстан Республикасында пайдалану алдында вакцина мемлекеттік тіркеуден өтеді, ол үшін лабораториялық зерттеулер жүргізіледі. Қазақстан аумағына әкелінетін вакциналардыӊ әр партиясы қауіпсіздік мақсатында лабораториялық бақылаудан өткізіледі. Сосын вакциналарды тасымалдау мен пайдаланудыӊ "суықтық тізбегіне" бақылау жасалады, вакцинадан кейінгі асқынулар мониторингісі жүйесі қолға алынған. ҚР-да вакцинация жүргізуге дайындалған медициналық қызметкерлер ғана қатыстырылады".

Айнагүл Қуатбаева, ҚР ДСМ СЭСжМҒПО инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиялық бақылау департаменті директорыныӊ орынбасары:

"Күнтізбек шеӊберінде вакцинациямен қамту деӊгейініӊ төмендеуі вакцина салынбаған адамдардыӊ, яғни инфекцияны тез қабылдауға бейім тұлғалардыӊ көбеюіне әкеп соғады, сол себепті инфекция өршіп кетуі мүмкін".

Мәселен, 2009 жылдан бастап Еуропа елдерінде қызылшаға қатысты жағдайдыӊ тұрақсыздығы тіркелген, онда бес елде (Болгария, Франция, Германия, Швейцария және Ұлыбритания) қызылшамен ауырған 6400 адам тіркелген. 2017 жылы Еуропада қызылшамен ауырғандар саны үш есеге артты. Өткен жылы Еуропада бұл аурумен 21 мыӊ адам ауырып шықты ( Англия, Грекия, Германия, Сербия, Франция және Украина). 2018 жылы қаӊтар айында қызылша ауруыныӊ Ұлыбританияныӊ алты аумағында өршігендігі тіркелген.

Мұндай жағдай халықтыӊ денсаулығы әлжуаз адамдары арасында иммундандырудыӊ қосымша науқандарын ұйымдастыру қажеттілігін талап етеді. 2016 жылы жасөспірімдер арасында қызылшаға қарсы қосымша иммундандыру шаралары ұйымдастырылып жүргізілген соӊ ғана бұл ауру көрсеткішін бірлік-жарымға дейін төмендету мүмкін болған ( 2016-2017 жылдары 1-2 жағдай).

Қазақстанда дифтерияныӊ соӊғы өршулерініӊ бірі 1993 пен 1998 жылдар аралығында болды. Дифтерияныӊ 2360 жағдайы тіркелген, 80 жағдайда (3,5%) ол адам өліміне алып келді. Қазақстанда балалар мен ересек адамдарды вакцинациямен кеӊ ауқымда қамтудыӊ арқасында 2009 жылдан бері дифтерия ауруы тіркелген жоқ . Дифтерия өршуін басу мақсатында 1995-1996 жылдары Қазақстанда 3 пен 60 жас арасындағы халық үшін қосымша вакцинация жүргізілді, шамамен 10 млн адамға екпе салынды".

Қазіргі уақытта дифтерияныӊ өршуі Венесуэлада байқалуда, онда ол 2016 жылы шілде айында басталған, жалпы алғанда 1602 жағдай тіркелген, өлім-жітім көрсеткіші 14,5% құрауда.

Полиомиелит бойынша осындай жағдай Тәжікстанда да орын алды, онда полиомиелитке қарсы вакцинациямен қамту деӊгейі 47-50% құраған болатын (ДДҰ ұсынысына орай кем дегенде 95% болуы шарт).Бұл 2010 жылы полиомиелиттіӊ қаты өршуіне әкеп соқты : 500-ден аса адамныӊ ауырғандығы тіркелген, оныӊ ішінде 29 бала көз жұмды. Полиомиелитке қарсы иммундандыру науқаны бес рет өткізілген соӊ ғана аурудыӊ өршуін тоқтату мүмкін болды.

Аурудыӊ осыншалықты өршуі Тәжікстанға көршілес елдерге де ықпалын тигізді. Соныӊ салдарынан Қазақстанда полиомиелиттіӊ сырттан әкелуініӊ бір жағдайы тіркелді. Қазақстанда полиомиелиттіӊ өршімеуіне бұл инфекцияға қарсы республикамызда балалардыӊ вакцинациямен кеӊ ауқымда қамтылуы себін тигізді.

Сол себепті жоспарлы профилактикалық екпелерді салдыру арқылы популяциялық иммунитетті қолдап отыруды жалғастыру қажет,оныӊ ішінде жиі ауыратын балаларға, неврологиялық статусы бар балаларға екпе салу керек. Қазіргі кезеӊде вакцинациядан көп жағдайда бас тарту себептері вакцинацияныӊ балалар церебералды параличі, аутизм секілді аурулармен байланысыныӊ жоқ екендігін жеткілікті дәреже түсінбеушіліктен туындап отыр.

Бақытжан Перімбет, жас жауынгерлер әскери-спорттық клубыныӊ жетекшісі:

"Балалар -біздіӊ болашағымыз! Еӊ бастысы, бүгінгі дені сау бала-Отанымыздыӊ сенімді қорғаушысы!

Жастармен жұмыс барысында біз профилактикалық шараларға, салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға тұрақты түрде көӊіл бөлеміз.

Осы орайда біз ата-аналар дәрігерлердіӊ біліктілігіне арқа сүйеп, балаларыныӊ денсаулыққа деген құқықтарын бұзбауға тиіс деп санаймыз".

2018 жылы 23 пен 29 сәуір аралығында Еуропалық өӊір елдерінде Иммундандырудыӊ 14-ші еуропалық аптасы өткізілуде, ол халықтыӊ инфекциялық ауруларға қарсы қорғанысы үшін профилактикалық екпелердіӊ артықшылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Сонымен, 2018 жылғы Иммундандырудыӊ еуропалық аптасыныӊ "Вакциналар сізді және сізді қоршаған адамдарды елеулі аурулардан қорғауға арналған!" деген ұраны бар.

Вакцинация мәселелері бойынша шұғыл телефон 8-8000-700-830 (тегін).


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны