28.10.2018, 13:28 6846

Қазақстанда "21-ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаӊа үлгі бол" атты ата-аналар конференциялары республикалық жобасы жүзеге асырылды

Ирбір қазақстандық отбасыныӊ борышы - жаӊа формация азаматын, алдыӊғы буындар жасаған игіліктерді ұлғайтуға, мемлекетіміздіӊ дамуы мен гүлденуі үшін жемісті жұмыс істеуге қабілетті шығармашылық адамын тәрбиелеу. Мемлекет қойған жоғары мақсаттарға қол жеткізу қазақстандық өскелеӊ ұрпақтарды ата-ана отбасында сауатты тәрбиелеген жағдайда ғана мүмкін болмақ.

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда "21-ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаӊа үлгі бол" атты ата-аналар конференциялары республикалық жобасы жүзеге асырылды.

Ирбір қазақстандық отбасыныӊ борышы - жаӊа формация азаматын, алдыӊғы буындар жасаған игіліктерді ұлғайтуға, мемлекетіміздіӊ дамуы мен гүлденуі үшін жемісті жұмыс істеуге қабілетті шығармашылық адамын тәрбиелеу. Мемлекет қойған жоғары мақсаттарға қол жеткізу қазақстандық өскелеӊ ұрпақтарды ата-ана отбасында сауатты тәрбиелеген жағдайда ғана мүмкін болмақ. Ал сауатты отбасылық тәрбиені, өз кезегінде, бала дамуыныӊ ерекшеліктерін түсінетін, есею процесініӊ күрделілігін ескеретін, өз баласына туындаған қиындықтарды жеӊуге көмектесе алатын жоғары педагогикалық құзыретке ие ата-аналар ғана қамтамасыз ете алады.

Алайда біз қазіргі уақытта отбасылық тәрбие сапасыныӊ сын көтермейтінін айтуға мәжбүрміз.

Қазіргі әлем қатты күрделеніп кетті және нәтижесінде баланыӊ виртуалды шындыққа кетуі, буллинг, материалдық-қаржылық жіктелудіӊ кесірінен болатын бақталастық, жаппай көргенсіздік секілді проблемалар пайда болды. Ата-ана кейде өзін дәрменсіз сезінеді және бәрінен қажып кетеді, сондықтан да жағдайы жап-жақсы отбасыдан шыққан бала қараусыз балаға айналады.

Ата-аналарға педагогикалық сауаттылық жетіспейді. Оларға өздері тап болатын проблемалар бойынша білікті кеӊес керек.

Міне осы жерде ата-ана ретіндегі сауаттылықты қалай тиімді арттыруға болады, әрбір қазақстандық отбасындағы ата-аналар отбасындағы бала тәрбиесі мәселелері бойынша қажетті білімдер алуы үшін қандай практикалық құралдар пайдалану қажет деген сұрақ бірінші орынға шығады.

Осы мақсатта Отбасылық тәрбие институты ата-аналармен жұмыстыӊ инновациялық түрін әзірледі және ұсынды, ол - 21-ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаӊа үлгі бол" атты Республикалық Ата-аналар Конференциялары бағдарламасы бойынша жүйелі түрде курстар өткізіп тұру.

Биылғы жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардыӊ құқықтарын қорғау комитетініӊ тапсырысы бойынша Институтқа 8 қыркүйектен бастап 14 қазанға дейінгі кезеӊде түрлі жастағы, бірінші сынып оқушыларынан бастап бітіруші сыныптарға дейінгі оқушылардыӊ ата-аналары үшін бес Республикалық ата-аналар конференцияларын өткізу тапсырылған болатын.

Конференция бағдарламасы әрбір қазіргі отбасы тап болатын күрделі сын-тегеуріндерді ескерді. Ата-аналар баланыӊ ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-тәуелділік қалыптасуыныӊ алдын алу бойынша шаралар, отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту, жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудіӊ алдын алу шаралары, жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардыӊ алдын алу, кәмелетке толмаған балалардыӊ суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқыныӊ алдын алу секілді біздіӊ азаматтарымыздыӊ көпшілігін алаӊдататын мәселелер бойынша ақпарат алды.

Барлық бес конференцияныӊ мазмұны педагогика ғылымы мен практикасыныӊ соӊғы жетістіктерін ескеріп, сондай-ақ қазіргі шындықтарды ескеріп әзірленді.

Отбасылық Тәрбие Институты егжей-тегжейлі әдістемелік материалдар әзірледі. Конференцияны жүргізетін әрбір психологқа слайд-презентациялар мен тақырыптық бейнероликтер түріндегі бейне-сүйемелдеумен бірге конференция сценарийі берілді. Ата-аналарға балаларды психологиялық қолдау бойынша ата-аналарға арналған Сауалнамалар мен Жадынамалар берілді.

Біз барлық бес конференцияныӊ сәтті өткенін қуана атап өткіміз келеді. Ата-аналар үшін 32772 мектеп алаӊдары жұмыс істеді. Оқушылардыӊ ата-аналарыныӊ конференцияларға жалпы қатысуы 14 облыс орталықтарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 2 637 709 адамды құрды.

Кейбір мектептер конференция материалдарын ұсынуда өздерініӊ өзгеше тәсілдері және балалар мен ата-аналарды шығармашылық шараларға қатысу үшін белсенді тартуы арқылы жақсы жағынан ерекше көзге түсті.

Барлық конференцияларға қатысқан ата-аналар іс-шара кезінде айтылған ақпараттыӊ еӊ маӊызды тезистері жазылған жадынамалар алды, сондай-ақ ата-аналар сауалнамадан өтуге қатысты.

Республикалық конференцияларды өткізу үшін 7000-нан астам мектеп психологтары дайындалды. Бұдан басқа, 14000-нан астам педагог конференцияларды өткізу кезінде ерікті ретінде қызмет етті. Конференцияларға қатысқан оқушылардыӊ ата-аналары 6000-нан астам жағымды пікір жазды. Олар осы іс-шараларға қатысудыӊ аса қажет екенін және оныӊ жоғары сапасын атап өтті.

Облыстық өӊірлердегі бұқаралық ақпарат құралдары конференциялар туралы жаӊалықтар бейнематериалдарын дайындады және оларды жергілікті теледидарда көрсетті.

Мектептер өз бетінше өткізілген конференциялар туралы жүзден астам бейне есептер дайындады.

Ата-аналар конференцияларына қатысушылар осы іс-шаралардыӊ қорытындысы бойынша мынадай ұсыныстар айтты:

Біріншіден, алдағы 5 жыл бойы оқушыларды оқыту, дамыту үшін аса жайлы жағдайлар жасау мақсатында, білім беру процесін отбасылық тәрбие мәселелері бойынша психология-педагогикалық сүйемелдеу жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізу.

Екіншіден, жыл сайын еліміздіӊ барлық мектептерінде ата-аналар конференцияларын өткізіп тұру, себебі олар оқушылардыӊ ата-аналары үшін өте-мөте пайдалы.

Және, үшіншіден, мектеп психологтарыныӊ ата-аналармен отбасылық мәселелер бойынша жүйелі түрде тренингтер өткізіп тұруы. Сондай-ақ сынып жетекшілері сынып сағаттары уақытында отбасылық тәрбие бойынша жұмыс жүргізе алуы үшін, олардыӊ біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізу қажет.

Республикалық ата-аналар конференциялары бағдарламасыныӊ курсын қорытындылай келе, олардыӊ белсенді қатысуы психология-педагогикалық сүйемелдеудіӊ бүгінгі күні балаға ғана емес, сонымен қатар оныӊ ата-анасына да қажет екені туралы сөзсіз фактіні көрсететінін атап өткен жөн. Отбасылық Тәрбие Институты отбасындағы бала тәрбиесі мәселелерінде ата-ана құзыреті деӊгейін арттыру ата-аналарға өз балаларын дұрыс тәрбиелеуге мүмкіндік беретініне сенеді, бұл, түптіӊ түбінде, міндетті түрде қазақстандық өскелеӊ ұрпақтардыӊ мәдениет деӊгейініӊ артуынан көрініс табады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны