23.04.2010, 17:01 5285

Қазақстанда 24 сәуір мен 1 мамыр аралығында қызамыққа қарсы Еуропалық иммундау аптасы өткізіледі

Қазақстанда 24 сәуір мен 1 мамыр аралығында қызамыққа қарсы Еуропалық иммундау аптасы өткізіледі

Астана. 23 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда 24 сәуір мен 1 мамыр аралығында қызамыққа қарсы Еуропалық иммундау аптасы өткізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылғы 24 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қазақстанда Еуропалық иммундау аптасы өткізіледі. Бұл акция Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша іске асырылмақ.

"Жыл сайын өткізілетін акцияның мақсаты - иммундау қажеттілігінің маңызы туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру және егулермен толық қамту үшін насихаттау жұмыстарын жүргізу және мақсатты үндеу жасау. Ағымдағы жылы Қазақстандағы Иммундау аптасы қызамыққа қарсы егілмеген бала туу жасындағы әйелдерге иммундау жүргізу шегінде қызылшамен күресуге бағытталады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Министрлік мәліметінше, иммундау аптасы кезінде иммундаудан өтуді қалайтын адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркелімінің бар-жоғына қарамастан, аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарында қызамыққа қарсы тегін профилактикалық екпе алуына болады.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, "қызамық жоғары контагиоздық және вакцинамен басқарылатын инфекциялардың бірі болып есептеледі.

Қызамықтың медициналық және әлеуметтік маңызы ең алдымен қызамық вирусының ұрыққа әсеріне негізделген. Қызамық вирусы бала жолдасы арқылы ене алады және жүктіліктің мерзіміне байланысты түсік тастауды немесе дамудың күрделі кемістіктері (жүрек кемістігі, соқырлық, саңыраулық және ақыл-ой кемістігі) бар баланы дүниеге әкелуге апарып соғады".

"Республикамызда вакцинациялауға дейінгі кезеңде жыл сайын қызамықтың 20 мыңнан астам жағдайлары тіркеліп отырды. 2005 жылдан бастап 2009 жылға дейін 8-ден 40 жасқа дейінгі адамдарды қызамыққа қарсы егудің жаппай науқаны жүргізілді, ол 2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылы қызамықпен сырқаттанушылықты 15 есеге төмендетуге септігін тигізді. Қазіргі таңда иммундаудың баламасы жоқ",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны