31.10.2016, 10:34 7148

Қазақстанда 29 қазанда Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аталып өтті

Бүгінгі таӊда республикада 40 инсульт орталығы жұмыс істейді. 2020 жылға дейін тағы 28 инсульт орталығын ашу жоспарланып отыр.

Алматы. 31 қазан. Kazakhstan Today - 29 қазанда Қазақстанда Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аталып өтті. Оныӊ барысында өӊірлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында (әрі қарай - МСАК) ашық есік күндері ұйымдастырылып, невропатолог, кардиолог, терапевт және реабилитолог мамандары тегін кеӊес берді.

ҚР ДСИДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығыныӊ қызметкерлері, жетекші реабилитолог мамандар пациенттерге "Инсульт алған адамдарды үйде оӊалтудыӊ өзекті мәселелері", "Стандартты азық-түлік себетінен "Дұрыс тағамды" қалай алуға болады?" атты тақырыптарда дәрістер оқыды.

Сонымен қатар, МСАК ұйымдарыныӊ қызметкерлері, инсульт пен артериялыққысымныӊ алдын алу стационарлары үшін конференциялар мен дөӊгелек столдар, тұрғындар үшін қанныӊ құрамындағы глюкоза деӊгейін, дененіӊ салмағы мен бойды анықтайтын, ақпараттық-ағарту материалдарын таратуға негізделген "Инсультті бірге тоқтатайық!", "Инсульттан сақтан"атты акциялар ұйымдастырылмақ. денсаулық мектептерінде пациенттер үшін сабақтар өткізілді.

Сондай-ақ, аталған күні жекелеген қалаларда, мәселен, Алматыда инсультпен ауырған адамдарға қажетті мүгедектік арбалар, жүріс арбалары, ұзақ жатқаннан пайда болатын денедегі тесіктерге қарсы матрастар берілді.

Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне арналған шаралар азаматтардыӊ аталған ауру туралы хабардарлығын арттыруға, уақытылы диспансерлеу мен профилактикалық медициналық тексеруден өту, артериялық қысымды бақылау мен қауіп-қатер факторларын түзетуқажеттілігін, сонымен бірге, инсульт белгілерін білу мен инсульт жағдайы орын алғанда өзіндік іс-әрекеттер мен айналадағы адамдардыӊ әрекеттері туралы хабардар болуға негізделген.

Бас ми тамырларыныӊ аурулары - жалпы аурулар құрылымында, халықтыӊ өлім-жітім көрсеткішіндекөп кездесетіндіктен және алғашқы мүгедектіктіӊ себебі болып отырғандықтан,заманауи қоғамныӊ медициналық-әлеуметтік саласындағы маӊызды мәселелердіӊ бірі болып қала бермек.

Мидағы қан айналымыныӊ күрт бұзылуыныӊ көп таралуына адамныӊ мінез-құлық факторларындағы қауіп-қатерлер аса маӊызды рөл атқарады. Оған темекі шегу, дұрыс тамақтанбау мен семіздік, физикалық белсенділіктіӊ болмауы, ішімдікті қолдану, жоғары қан айналымы, диабет пен гиперлипидемия инсульттіӊ орын алу қаупін күшейте түседі.

2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудыӊ негізгі басымдығы - медициналық көмек көрсетудіӊ, (оныӊ ішінде мидағы қан айналымыныӊ жіті бұзылуы (өткір инсульт) біріктірілген үлгісін енгізу болып табылады. Бұл үлгі профилактика, кешенді емдеу, оӊалту, диспансерлік бақылау бойынша, сонымен бірге, әлеуметтік қызметтерді енгізуді қарастырады. Жіті инсультті басқарудағы біріктірілген үлгіні енгізудіӊ басты құралы - медициналық қызметтердіӊ тиімділігін арттырудағы және экономикалық шығындарды азайтудағы кепілдік ретінде инсульт орталықтарыныӊ тиімді қызметі болып табылады.

Бүгінгі таӊда республикада 40 инсульт орталығы жұмыс істейді. 2020 жылға дейін тағы 28 инсульт орталығын ашу жоспарланып отыр.

Салауатты өмір салты (темекі шегуден бас тарту, ішімдікті азайту немесе одан бас тарту, дене салмағын орташа деӊгейде ұстап тұру, тұрақты физикалық жаттығулар мен үйлестірілген диета, өз денсаулығын күту бойынша өзіндік қамқорлықты күшейту) қан айналымы ауруларына жол бермейді.

Естеріӊізге сала кетейік, инсультпен күрес күні жыл сайын 29 қазанда аталып өтеді, ол 2006 жылы аталған аурумен шұғыл және белсенді түрде күресу мақсатында Дүниежүзілік денсаулық ұйымы арқылы бекітілген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны