25.06.2018, 22:22 4472

Қазақстанда 300-ден аса жаӊа формациядағы мейірбикелер дайындалды

Астанада 22-23 маусымда Қазақстанда тұӊғыш рет мейірбике ісі жөніндегі Халықаралық конференция өтті.

Астана. 25 маусым. Kazakhstan Today - Астанада 22-23 маусымда Қазақстанда тұӊғыш рет мейірбике ісі жөніндегі Халықаралық конференция өтті.

Конференция жұмысына ҚР Денсаулық сақтау Министрі Ержан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ өкілдері,медициналық жоғарғы оқу орындарыныӊ және ғылыми ұйымдардыӊ, жоғары медициналық колледждердіӊ оқытушылары, облыстық денсаулық сақтау басқармаларыныӊ өкілдері, бас дәрігерлер, дәрігерлер, медбикелер, қоғамдық ұйымдардыӊ, қауымдастықтар мен қоғамдастықтардыӊ өкілдері қатысты.

Спикерлер ретінде АҚШ, Канада, Финляндия, Швейцария, Польша, Беларусь және басқа да елдердіӊ сарапшылары, ДДСҰ мен ЮНИСЭФ өкілдері шақырылды.

Конференция қатысушыларын қарсы алған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзініӊ еӊбек жолы мейіргерліктен басталғанын айтып, аурухана жұмысымен етене таныс екеніне тоқталды.

"Бүгін біз Қазақстанда ауқымды реформалар өткізіп жатырмыз, бұл өзгертулер қоғам үшін қажет, себебі біздіӊ халқымыз сапалы медициналық көмек пен қызмет алуға лайық. Бүгінгі конференция өте маӊызды, себебі осы арқылы денсаулық сақтау саласын дамыту кезеӊінде біз мейрібекелердіӊ атқарар ролін анықтайтын боламыз. Бұл ғаламдық талқылау денсаулық сақтау саласы үшін аса маӊызды, өйткені мейірбеке рөлі медицина саласы сияқты дамуды, қайта жаӊғыртылуды талап етеді", - деді Елжан Біртанов.

"Медицинаны сақтандыру шарты бойныша болашақ денсаулық сақтау жүйесін дамытудыӊ негізгі акценттерін біз бастауыш ұйым, яғни емханалар мен фельдшерлік-акушерлік және медициналық бекеттерге қоямыз. Мейрібекелер мен дәрігерлерге жүктелген ауыртпалықты азайтатын медициналық ұйымдардыӊ жаӊа нормативін енгіздік. Бұл әрине, бастауыш ұйымдағы шатты көбейтуді талап етеді. Бұл нормативті біз әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қосатын боламыз. Аатап айту керек, биыл Қазақстанда тарихи жағдай орын алды, біз стационарлық көмекке қарағанда алғашқы медико-санитарлық жәрдемге көп қаражат жұмсай бастадық. Бұл бағытта біз жұмысты жалғастырып, алғашқы медициналық жәрдемді дамытуға аса ден қоятын боламыз", - деді Елжан Біртанов.

500-ге жуық конференция қатысушылары екі күн бойы пленарлық және секциялық отырыстарда, тақырыптық пікірталастарда мейірбикелік қызметті басқару, мейірбикелердіӊ білімін бағалау, сертификаттау және лицензиялау, медициналық көмектіӊ сапасы мен қауіпсіздігін, оныӊ ішінде дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мейірбикелердіӊ рөлін, патронаждық қызметті, мейірбикелік білімді дамыту мәселелерін талқылайды.

Қазіргі уақытта бағыттарыныӊ бірі ҚР-да мейірбике ісін жетілдіру болып табылатын Қазақстанда "Медициналық білім беруді және ғылымды жаӊғырту" жобасы іске асырылып жатыр, оныӊ. Бұл жұмыстар JAMK және LAMK (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеттерініӊ сарапшыларымен бірлесіп жүргізілуде.

Жобаны іске асыру мейіргер ісі мамандарын даярлау жүйесін қайта қарастыруға мүмкіндік берді. Бұл ретте мейірбикелік үрдістіӊ кеӊейтілген міндеттерін орындайтын мейірбикелерді дайындауда мейірбике ісі мамандарын даярлау жөніндегі фин моделі негізге алынды.

Қазақстанда кіші мейірбикеден бастап дейін мейірбике ісініӊ магистріне дейінгі мейіргер ісі мамандарын даярлаудыӊ көп деӊгейлі жүйесі енгізілген. Он медициналық колледж Жоғары колледж мәртебесін алды. Биылғы жылы тағы 7 медициналық колледж Жоғары колледжге қайта ұйымдастырылу үшін оӊ баға алды.

2018 жылғы ақпан айында 308 мейірбике ісі қолданбалы бакалаврларыныӊ алғашқы түлектері бітіріп шықты. Бұл жаӊа формациядағы мейіргерлер. Олар тәуелсіз мейіргерлік күтімді жүзеге асыра алады, ауруды басқару бойынша пациенттерге, олардыӊ туысқандарына кеӊес беріп және үйрете алады, денсаулықты нығайту және аурулардыӊ алдын алу қызметін жүзеге асыра алады.

Бұдан басқа, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргер қызметініӊ жаӊа үлгісін әзірлеу және енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруда. Бұл жоба 2017 жылғы тамыз айында бастау алды, оған Республиканыӊ 7 жоғары медициналық колледждері мен 29 пилоттық медициналық ұйымдары қатысты. Жобаныӊ мақсаты медбикелік кәсіпке қойылатын тиісті халықаралық талаптардыӊ негізінде медициналық ұйымдарда мейіргер қызметініӊ жаӊа үлгісін енгізу болып табылады.

Конференция аясында Қазақстан мейіргерлерініӊ қатысуымен келешектегі мейірбикелік қызметтіӊ даму бағыттарын белсенді түрде талқылау жоспарланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны