30.09.2009, 16:48 5903

Қазақстанда 30 қыркүйекте көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

Қазақстанда 30 қыркүйекте көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

Алматы. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда 30 қыркүйекте көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

1 қазаннан бастап әрбір өткен күнге өсімпұл есептеліп, төленбеген салық сомасына байланысты айыппұл санкциялары салынады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заңды тұлғалар көлік салығын 1 шілдеге дейін төлейді, 5 шілде - ағымдағы төлемдерді тапсыру мерзімі. Жеке тұлғалар үшін де бұрын осылай болған, бірақ биылдан бастап ол 1 қазанға дейін ұзатылды. Заңды тұлғалар үшін мерзім өзгерген жоқ. Бұл мерзім жаңа ҚР Салық кодексіне сәйкес белгіленіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны