08.02.2012, 11:19 3858

Қазақстанда 48 инсульт орталығын ашу жоспарлануда

"Саламатты Қазақстан" Мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасының аясында 2011 жылы халықтың өмір сүру жасын ұзарту бойынша ауқымды шаралар қолға алынды, деп хабарлады Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Түлеғалиева.

Астана. 8-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 48 инсульт орталығын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Саламатты Қазақстан" Мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасының аясында 2011 жылы халықтың өмір сүру жасын ұзарту бойынша ауқымды шаралар қолға алынды, деп хабарлады Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Түлеғалиева.

Өткен жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қан айналым жүйесі ауруларынан өлім-жітім санын төмендетіп, ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырды.

"Осы жұмыстың аясында ана мен бала өлімінің көрсеткіштері айтарлықтай дәрежеде төмендеді", - деп атап өтті Ажар Түлеғалиева.

Сонымен қатар, 2012 жылы инсульт салдарымен күресуге қарсы жұмыстар атқарылатыны аталып өтілді.

"Халықтың қайтыс болуы мен мүгедектікке шалдығуын төмендету мақсатында бүкіл ел бойынша 48 инсульт орталығы құрылмақ", - деп толықтырды ол.

Ағымдағы жылы "Саламатты Қазақстан" бағдарламасының аясында басталған барлық іс-шаралар жалғасын табады.

"Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесінде біз қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа дейін жеткіземіз", - деп түйіндеді Департамент директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны