18.10.2011, 16:42 3612

Қазақстанда 577 млн теңгеден астам қаржыға тұмауға қарсы вакцина сатып алынды

2011 жылы тұмаудың алдын алуға 577 млн теңге жұмсалған. Бұл туралы ҚР бас санитарлық дәрігері, денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санэпидемқадағалау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлім етті.

Астана. 18-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 577 млн теңгеден астам қаржыға тұмауға қарсы вакцина сатып алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылы тұмаудың алдын алуға 577 млн теңге жұмсалған. Бұл туралы ҚР бас санитарлық дәрігері, денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санэпидемқадағалау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлім етті.

"Биыл аумақтық әкімдіктер - облыстық және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында халық үшін Францияда шығарылған "Ваксигрипп" вакцинасының 784мың үлесін сатып алды. Вакцинаның ДДҰ сертификаты бар және ол 577 млн теңгеге сатып алынды", - деді Ж. Бекшин сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қауіп топтары бойынша, жиі ауыратын балаларды, интернат мекемелерінде тұратын балалар мен қарттарды, медициналық қызметкерлерді егу шаралары 1 қазанда басталды. Қазақстанда осы күнге дейін кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында 449 мың адам егілді, тағы 16 мың адам жұмыс берушілердің есебінен, 14 мың адам өз есебінен егілді.

"Біз жыл соңына дейін "иммундық қабат" құрып, жұмыс берушілер мен пациенттердің өз есебінен егілетін адамдарды есептегенде, 1,5 млн-нан аса адамды егуді жоспарлап отырмыз", - деді ҚР бас сандәрігері.

Оның айтуынша, биыл күндізгі және түнгі ауа температурасының айырмашылығына байланысты респираторлық вирустық инфекцияларға шалдығу кезеңі бір ай бұрын басталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны